О внесении изменений в решение Атырауского городского маслихата от 5 декабря 2014 года № 230 "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау"

Решение Атырауского городского маслихата Атырауской области от 05 февраля 2015 года № 252. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 20 февраля 2015 года № 3105. Утратило силу решением Атырауского городского маслихата Атырауской области от 09 сентября 2015 года № 296

      Сноска. Утратило силу решением Атырауского городского маслихата Атырауской области от 09.09.2015 № 296 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам жилищных отношений", Атырауский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение городского маслихата от 5 декабря 2014 года № 230 "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3069, опубликовано 9 января 2015 года в газете "Прикаспийская коммуна") следующие изменения:
      в правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау, утвержденных указанным решением:
      1) подпункт 6) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "6) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;";
      2) в тексте на русском языке в пункте 3 слово "увелечения" заменить словом "увеличения";
      3) подпункт 1) пункта 6 изложить в следующей редакции:
      "1) "расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;";
      4) в тексте на русском языке в пункте 9 слово "Агенства" заменить словом "Агентства".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комисcию (Б. Шеркешбаева) по вопросам социальной защиты населения, здравоохранения, образования, культуры, по делам молодежи и спорта, по делам женщин и семейно – демографической политики.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель ХХХІ сессии,
временно исполняющий
обязнности секретаря
городского маслихата
Б. Рыскалиев

      

Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 230 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 05 ақпандағы № 252 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 3105 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 296 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 09.09.2015 № 296 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 230 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 рет санымен тіркелген 2015 жылғы 9 қаңтарда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасында:
      1) 1 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай – ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;";
      2) орыс тіліндегі мәтінде 3 тармақтағы "увелечения" деген сөз "увеличения" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 6 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстарды;";
      4) орыс тіліндегі мәтінде 9 тармақтағы "Агенства" деген сөз "Агентства" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      ХХХІ сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысының
уақытша міндетін атқарушы
Б. Рысқалиев