Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Семей на 2015 год

Постановление акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 27 марта 2015 года № 406. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 23 апреля 2015 года № 3908. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 27 сентября 2016 года № 1525

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 27.09.2016 № 1525.
      В соответствии со статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие целевые группы населения, проживающие на территории города Семей на 2015 год:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети–сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица, предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      14) лица, потерпевшие от акта терроризма, и лица, участвовавшие в его пресечении;
      15) выпускники школ, технических и профессиональных учебных заведений;
      16) молодежь в возрасте от двадцати одного до двадцати девяти лет включительно;
      17) лица из семей, где нет ни одного работающего;
      18) лица старше 50 лет;
      19) наркозависимые и ВИЧ-инфицированные граждане;
      20) лица, не работающие длительное время (более одного года).
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Семей Восточно-Казахстанской области", коммунальному государственному учреждению "Центр занятости" акимата города Семей" обеспечить временную занятость лиц, отнесенных к целевым группам населения, и содействие в их трудоустройстве.
      3. Признать утратившим силу постановление от 11 февраля 2014 года № 163 "Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Семей на 2014 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 28 февраля 2014 года № 3195, опубликовано в газетах "Семей таңы" от 7 марта 2014 года № 18, "Вести Семей" от 7 марта 2014 года № 18).
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Исабаеву З. Р.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Семей А. Каримов

2015 жылға Семей қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 406 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 3908 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1525 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 27.09.2016 № 1525 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың мынадай нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15) мектептер, техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      16) жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жастағыларды қоса алғандағы жастар;
      17) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың тұлғалары;
      18) 50 жастан асқан адамдар;
      19) есірткіге тәуелді және АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған азаматтар;
      20) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. "2014 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 ақпанда № 3195 тіркелген, "Семей таңы" газетінде 2014 жылғы 7 наурыздағы № 18, "Вести Семей" газетінде 2014 жылғы 7 наурыздағы № 18 сандарында жарияланған) 2014 жылғы 11 ақпандағы № 163 қаулының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Семей қаласының әкімі А. Кәрімов