2014 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 163 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 ақпанда № 3195 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 406 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 27.03.2015 № 406 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметінің тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) есірткіге тәуелді және АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған азаматтар;
      14) 50 жастан асқан адамдар;
      15) мектептер мен кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      16) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың тұлғалары;
      17) басымды кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 жол картасының қатысушылары;
      18) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      19) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. "Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2013 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 19 наурызда № 2911 тіркелген, "Семей таңы" газетінде 2013 жылғы 29 наурыздағы № 26, "Вести Семей" газетінде 2013 жылғы 29 наурыздағы № 26 сандарында жарияланған) 2013 жылғы 25 ақпандағы № 270 қаулының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Семей қаласының әкімі

А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады