Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Западно-Казахстанской области

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 13 января 2015 года № 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 13 февраля 2015 года № 3816. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 5 июля 2024 года № 173

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 05.07.2024 № 173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 июля 2007 года "Об образовании", акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила внутреннего распорядка организации образования Западно-Казахстанской области.

      2. Государственному учреждению "Управление образования Западно-Казахстанской области" (А. А. Мынбаева) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Макен Б. М.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.


Аким области

Н. Ногаев


  Утверждены
  постановлением акимата
  Западно-Казахстанской области
  от 13 января 2015 года № 6

Типовые правила внутреннего распорядка организации образования
Западно-Казахстанской области
1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила внутреннего распорядка организации образования Западно-Казахстанской области (далее - Типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 24-7) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и являются основанием для разработки и утверждения правил внутреннего распорядка организации образования.

      2. Типовые правила разработаны в целях обеспечения единых подходов при разработке и утверждении правил внутреннего распорядка организации образования.

      3. С учетом режима деятельности организации образования (круглосуточное пребывание обучающихся и воспитанников, пребывание их в течение определенного времени, сменности учебных занятий и других особенностей работы организации образования) администрацией организации образования устанавливается режим рабочего времени и времени отдыха педагогических и других сотрудников организации образования.

      4. В целях обеспечения внутреннего распорядка администрация организации образования обеспечивает соблюдение сотрудниками, а также обучающимися и воспитанниками организации образования, обязанностей, возложенных на них законодательством Республики Казахстан в области образования и Правилами внутреннего распорядка организации образования.

2. Внутренний распорядок организации образования

      5. В правилах внутреннего распорядка организации образования должны предусматриваться:

      взаимодействие администрации организации образования и педагогов с обучающимися и воспитанниками;

      поведение участников учебно-воспитательного процесса;

      условия для получения знаний и сохранения жизни и здоровья обучающихся и воспитанников, охраны прав детей;

      организация повышения профессиональной квалификации сотрудников организации;

      время начала и окончания работы организации образования, перерывы между ними;

      продолжительность учебных занятий обучающихся и воспитанников.

      6. Администрация организации образования обеспечивает доступность и ознакомление сотрудников, обучающихся и воспитанников, а также их родителей или других законных представителей с Правилами внутреннего распорядка организации образования.

Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 13 ақпанда № 3816 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.07.2024 № 173 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. А. Мыңбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі

Н. Ноғаев


  2015 жылғы 13 қаңтардағы № 6
  Батыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің қаулысымен
  бекітілген

Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.

      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

      3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігі) білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдарының педагог және өзге де қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыттарының режимін белгілейді.

      4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі

      5. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптеме қағидаларына:

      білім беру ұйымдарының әкімшілігі және педагогтарының білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;

      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;

      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қарастырылуы тиіс.

      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларына қолжетімділігін және таныстырылуын қамтамасыз етеді.