Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 6 "Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |