О внесении дополнений в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года № 16-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района"

Решение Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 8 июня 2015 года № 28-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 17 июня 2015 года № 3934. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28 февраля 2020 года № 43-1

      Сноска. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28.02.2020 № 43-1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 82 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2014 года № 97 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014-2016 годы областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению" Акжаикский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года № 16-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3419, опубликованное 6 февраля 2014 года в газете "Жайық таңы") следующие дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района, утвержденных указанным решением:
       пункт 2 дополнить подпунктами 11), 12), 13), 14) следующего содержания:
      "11) "Проект "Өрлеу" – программа предоставления обусловленной денежной помощи семье (лицу) при условии участия трудоспособных членов семьи (лица) в государственных мерах содействия занятости и прохождения, в случае необходимости социальной адаптации членов семьи (лица), включая трудоспособных;
      12) обусловленная денежная помощь (далее – ОДП) – выплата в денежной форме, предоставляемая государством физическим лицам или семьям с месячным среднедушевым доходом ниже 60 процентов от величины прожиточного минимума на условиях социального контракта активизации семьи;
      13) социальный контракт активизации семьи – соглашение между трудоспособным физическим лицом, выступающим от имени семьи для участия в проекте "Өрлеу", и уполномоченным органом, определяющее права и обязанности сторон;
      14) индивидуальный план помощи семье (далее – индивидуальный план) – комплекс разработанных уполномоченным органом совместно с заявителем мероприятий по содействию занятости и (или) социальной адаптации.";
       пункт 8 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) ОДП предоставляется семье (лицу) при условии участия трудоспособных членов семьи (лица) в государственных мерах содействия занятости и прохождения в случае необходимости, социальной адаптации членов семьи (лица), включая трудоспособных.
      На период действия социального контракта активизации семьи и выплаты ОДП приостанавливается выплата адресной социальной помощи.
      Размер ОДП пересчитывается в случае изменения состава семьи с момента наступления указанных обстоятельств, но не ранее момента ее назначения.";
      пункт 10 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) для лиц получающих ОДП наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в размере продовольственной корзины.";
      дополнить пунктом 24-1 следующего содержания:
      "24-1. Размер ОДП на каждого члена семьи (лица) определяется как разница между среднедушевым доходом семьи (лица) и 60 процентами от величины прожиточного минимума, установленной в областях (городе республиканского значения, столице).
      При этом выплата ОДП семье (лицу), имеющей среднедушевой доход ниже черты бедности, осуществляется в следующем порядке:
      разница между среднедушевым доходом семьи и чертой бедности, установленной в областях (городе республиканского значения, столице) и разница между чертой бедности, установленной в областях (городе республиканского значения, столице), и 60 процентами от прожиточного минимума.
      Среднедушевой доход исчисляется путем деления совокупного дохода, полученного за 3 месяца, предшествующих месяцу обращения за назначением ОДП, на число членов семьи и на три месяца и не пересматривается в течение срока действия социального контракта активизации семьи.
      Размер ОДП пересчитывается в случае изменения состава семьи с момента наступления указанных обстоятельств, но не ранее момента ее назначения.
      ОДП предоставляется на срок действия социального контракта активизации семьи и выплачивается ежемесячно или единовременно за три месяца по заявлению претендента.
      Единовременная сумма ОДП должна быть использована исключительно на мероприятия, связанные с выполнением обязанностей по социальному контракту, в том числе на развитие личного подсобного хозяйства (покупка домашнего скота, птицы и другое), организацию индивидуальной предпринимательской деятельности, кроме затрат на погашение предыдущих займов, приобретение жилой недвижимости, а также осуществление деятельности в сфере торговли.
      Претендент для участия в проекте "Өрлеу" от себя лично или от именисемьи обращается в уполномоченный орган по месту жительства или при его отсутствии к акиму сельского округа.".
      2. Руководителю организационного отдела районного маслихата (Горбунова Т.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б. Кухаев
      Секретарь маслихата Д. Джаксыбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Заместитель акима
Западно-Казахстанской области
__________________Б. Макен
8 июня 2015 года.

Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 8 маусымдағы № 28-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 3934 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 43-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "11) "Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      14) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын :
      "4) ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.";
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ШАК тағайындалатын тұлғалардың азық түлік қоржынынан аспайтын жан басына шаққанда орташа табысы болуы.";
      мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
      "24-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма және облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмасы ретінде төленеді.
      Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.".
      2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т. Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Кухаев
      Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
______________Б. Мәкен
8 маусым 2015 жыл.