Об установлении дополнительного перечня лиц относящихся к целевым группам по Акжаикскому району на 2016 год

Постановление акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 25 декабря 2015 года № 532. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 22 января 2016 года № 4243. Утратило силу постановлением акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 8 декабря 2016 года № 447

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 08.12.2016 № 447 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам по Акжаикскому району на 2016 год, исходя из ситуации на рынке труда и бюджетных средств:
      1) малообеспеченные (лица) семьи, имеющие совокупный доход ниже прожиточного минимума;
      2) безработные женщины старше 50 летнего возраста;
      3) безработные мужчины старше 55 летнего возраста;
      4) выпускники учебных заведений технического и профессионального, после среднего образования;
      5) безработные лица длительностью двенадцати и более месяцев;
      6) лица, не имеющие в семье ни одного работающего;
      7) ранее не работавшие безработные (впервые ищущие работу).
      2. Государственному учреждению "Акжаикский районный отдел занятости и социальных программ" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления в соответствии с действующим законодательством.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Акжаикского района от 29 января 2015 года № 70 "Об установлении дополнительного перечня лиц относящихся к целевым группам по Акжаикскому району на 2015 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3822, опубликованное 3 марта 2014 года в газете "Жайық таңы").
      4. Государственному учреждению "Аппарат акима Акжаикского района" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района М. Жуматову.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Аким района А. Жоламанов

Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 532 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4243 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 447 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 08.12.2016 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар);
      2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3) 55 жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының түлектері;
      5) он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
      6) отбасында бірде бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      7) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (алғаш жұмыс іздеушілер).
      2. "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 70 "Ақжайық ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген, 2015 жылы 3 наурыздағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары М. Жұматоваға тапсырылсын.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә. Жоламанов