О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 апреля 2015 года № 220 "Об утверждении перечня специальностей социальных работников, стандартов их подготовки и повышения квалификации"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 января 2016 года № 4. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 февраля 2016 года № 13020. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 мая 2019 года № 210 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 16.05.2019 № 210 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 апреля 2015 года № 220 "Об утверждении перечня специальностей социальных работников, стандартов их подготовки и повышения квалификации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11089, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" от 14 июля 2015 года) следующие изменения:

      в Стандартах подготовки и повышения квалификации социальных работников, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Подготовка социальных работников осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080 "Об утверждении государственных общеобязательных стандартов образования соответствующих уровней образования", приказом № 150 Министерства образования и науки Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года "Об утверждении типовых учебных планов и типовых образовательных программ по специальностям технического и профессионального образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8489), типовыми правилами деятельности организации высшего и послевузовского образования, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2013 года № 499, типовыми учебными планами.";

      подпункт 2) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "2) учреждения и организации повышения квалификации (далее - организация) – организация, реализующая образовательные программы профессионального повышения квалификации социальных работников с целью углубления профессиональных знаний и навыков, осуществляющая поддержку инновационных процессов в социальной сфере, обеспечивающих эффективность социальной работы;";

      подпункт 5) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "5) учебные центры (региональные, межрегиональные, отраслевые) повышения квалификации социальных работников, реализующие образовательные программы независимо от форм собственности.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Повышение квалификации проводится по образовательным программам дополнительного образования, учитывающим имеющийся уровень профессиональных знаний и практический опыт работы социальных работников.".

      2. Департаменту высшего, послевузовского образования и международного сотрудничества (С.М. Омирбаев) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан (Балыкбаева Т.О.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Иcполняющий обязанности

      Министра образования и науки

      Республики Казахстан Т. Балыкбаев

"Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 ақпанда № 13020 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 210 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2019 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11089 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік қызметкерлерді дайындау "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына, "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8489 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) біліктілікті арттыру мекемелері және ұйымдары (бұдан әрі - ұйым) -кәсіптік білім мен дағдыны тереңдету мақсатында әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әлеуметтік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін әлеуметтік саладағы инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын ұйым.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) меншік нысанына қарамастан білім беру бағдарламаларын іске асыратын әлеуметтік қызметкерлер біліктілігін арттыратын оқу орталықтары (өңірлік, өңіраралық, салалық).";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Біліктілікті арттыру әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби білімдері мен практикалық жұмыс тәжірибесін ескеретін қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі (Т.О. Балықбаевқа) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің


міндетін атқарушы

Т. Балықбаев