Об утверждении Правил формирования бумажного и электронного архивов обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2016 года № 36. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 февраля 2016 года № 13126. Утратил силу приказом Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 158 (вводится в действие с 01.11.2018)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра информации и коммуникаций РК от 18.04.2018 № 158 (вводится в действие с 01.11.2018).

      В соответствии с подпунктом 13-3) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О средствах массовой информации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования бумажного и электронного архивов обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий.

      2. Комитету связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Қазанғап Т.Б.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мерроприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев


  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 20 января 2016 года № 36

Правила
формирования бумажного и электронного архивов обязательных
бесплатных экземпляров периодических печатных изданий
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования бумажного и электронного архивов обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13-3) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О средствах массовой информации" (далее – Закон) и определяют порядок формирования бумажного и электронного архивов обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) средство массовой информации (далее – СМИ) – периодическое печатное издание, теле-, радиоканал, кинодокументалистика, аудиовизуальная запись и иная форма периодического или непрерывного публичного распространения массовой информации, включая интернет-ресурсы;

      2) продукция средства массовой информации – тираж или часть тиража отдельного номера периодического печатного издания или аудиовизуальной программы, отдельный выпуск радио-, теле-, кинохроникальной программы, информация, размещенная на интернет-ресурсе;

      3) распространение продукции средства массовой информации – продажа (подписка, доставка, раздача) периодических печатных изданий, выход в эфир радио-, телепрограмм, демонстрация кинохроникальных программ и размещение информации на интернет-ресурсах;

      4) собственник периодических печатных изданий – физическое или юридическое лицо, либо объединение физических и (или) юридических лиц, осуществляющие право владения, пользования и распоряжения периодическими печатными изданиями;

      5) уполномоченный орган в области средств массовой информации (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий государственное регулирование в области средств массовой информации;

      6) периодическое печатное издание - газета, журнал, альманах, бюллетень, приложения к ним, имеющие постоянное название, текущий номер и выпускаемые не реже одного раза в три месяца;

      7) оператор – сотрудник уполномоченного органа, ответственный за пополнение и сопровождение бумажного и электронного архивов обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий.

      3. Формирование бумажного и электронного архивов обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий осуществляется с целью дальнейшего проведения мониторинга средств массовой информации на предмет соблюдения ими законодательства Республики Казахстан.

      4. Нарушение собственником периодических печатных изданий сроков направления обязательного бесплатного экземпляра влечет административную ответственность, предусмотренную статьей 454 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

2. Порядок формирования бумажного архива обязательных
бесплатных экземпляров периодических печатных изданий

      5. Бумажный архив обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий формируется на основе направляемых в адрес уполномоченного органа обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий.

      6. Обязательные бесплатные экземпляры периодических печатных изданий направляется собственником периодических печатных изданий на юридический адрес уполномоченного органа посредством почтовой связи.

      7. При поступлении экземпляра в уполномоченный орган оператор проводит сверку даты отправления и даты начала распространения продукции периодического печатного издания.

      8. После сверки оператор оцифровывает бумажную версию обязательного экземпляра и вносит его в электронный архив обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий.

3. Порядок формирования электронного архива обязательных
бесплатных экземпляров периодических печатных изданий

      9. Электронный архив обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий формируется на основе направляемых собственником периодических печатных изданий в адрес электронной почты уполномоченного органа archive@miс.gov.kz электронно-цифровых форм обязательных бесплатных экземпляров периодических печатных изданий, удостоверенных электронной цифровой подписью главного редактора (редактора), и оцифрованных оператором бумажных версий экземпляров.

      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа Министра информации и коммуникаций РК от 17.08.2017 № 309 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. Исключен приказом Министра информации и коммуникаций РК от 17.08.2017 № 309 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. При поступлении в уполномоченный орган обязательного бесплатного экземпляра периодических печатных изданий оператор осуществляет сверку даты отправления и даты начала распространения продукции периодического печатного издания.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13126 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 18.04.2018 № 158 (01.11.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қaзaнғaп):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 36 бұйрығымен бекітілген

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының
қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ереже

      1. Осы Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;

      2) бұқаралық ақпарат құралының өнімі – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;

      3) бұқаралық ақпарат құралы өнімін тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио-, телебағдарламаларды эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру;

      4) мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі – мерзімді баспасөз басылымдарын иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі;

      5) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      6) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

      7) оператор – уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін толтықтыруға және сүйемелдеуге жауапты қызметкері.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру бұдан әрі бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау мәніне олардың мониторинг жүргізуі мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесімен мiндеттi тегiн даналарын беру мерзімін бұзу "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 454-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

2. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін
даналарының қағаз архивін қалыптастыру тәртібі

      5. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз архивін қалыптастыру тәртібі қағаз архиві уәкілетті органның мекенжайына жіберілген мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының негізінде қалыптастырылады.

      6. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналары мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі уәкілетті органның заңды мекенжайына пошталық байланыс арқылы жіберіледі.

      7. Дана уәкілетті органға түскен кезде оператор мерзімді баспасөз басылымы өнімінің жіберу күнін және таратуын бастау күнін салыстырады.

      8. Салыстырғаннан кейін оператор мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз нұсқасын цифрлеуден өткізеді және оның нысанын мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивіне енгізеді.

3. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін
даналарының электрондық архивін қалыптастыру тәртібі

      9. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі уәкілетті органның archive@miс.gov.kz электрондық поштасының мекенжайына жіберетін бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолымен куәландырылған және оператор даналардың қағаз нұсқаларын цифрлаған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық-цифрлық нысандары негізінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 17.08. 2017 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      10. Алып тасталды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 17.08. 2017 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      11. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін данасы уәкілетті органға түскен кезде оператор мерзімді баспасөз басылымы өнімінің жіберу күнін және оны таратуды бастау күнін салыстыруды жүзеге асырады.