О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 380 "Об утверждении регламентов государственных услуг Министерства энергетики Республики Казахстан в сфере нефти и газа"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 72. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 марта 2016 года № 13467. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 10 апреля 2020 года № 139.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 10.04.2020 № 139 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 380 "Об утверждении регламентов государственных услуг Министерства энергетики Республики Казахстан в сфере нефти и газа" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11604, опубликованный 12 августа 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в приложении 6 "Регламент государственной услуги "Выдача лицензии на проектирование (технологическое) и (или) эксплуатацию горных (разведка, добыча полезных ископаемых), нефтехимических производств, эксплуатацию магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов в сфере нефти и газа", утвержденном указанным приказом:

      абзац три части два пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация);";

      пункты 11 и 12 изложить в следующей редакции:

      "11. Описание порядка обращения в Государственную корпорацию, длительность обработки запроса услугополучателя:

      1) описание порядка обращения в Государственную корпорацию:

      процедура 1 – ввод работником Государственной корпорации в информационной системе "Информационная система мониторинга оказания государственных услуг" (далее - ИС) логина и пароля (процесс авторизации) для оказания государственной услуги;

      процедура 2 – идентификация работником Государственной корпорации личности лица, подписавшего заявление;

      процедура 3 – выбор работником Государственной корпорации услуги, указанной в настоящем регламенте, вывод на экран формы запроса для оказания государственной услуги и ввод работником Государственной корпорации данных услугополучателя;

      процедура 4 – направление работником Государственной корпорации запроса через шлюз электронного правительства (далее - ШЭП) в государственную базу данных "Юридические лица" (далее - ГБД ЮЛ) или государственную базу данных "Физические лица" (далее - ГБД ФЛ) о данных услугополучателя;

      условие 1 – проверка наличия данных услугополучателя в ГБД ЮЛ/ГБД ФЛ;

      процедура 5 – формирование сообщения о невозможности получения данных в связи с отсутствием данных услугополучателя в ГБД ЮЛ/ГБД ФЛ;

      процедура 6 – работник Государственной корпорации получает письменное согласие услугополучателя на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан;

      условие 2 – правильность заполнения заявления и полнота представленного пакета документов в соответствии с перечнем в ИС;

      процедура 7 - выдача работником Государственной корпорации расписки об отказе в приеме документов в случае предоставления услугополучателем неполного пакета документов;

      процедура 8 – внесение работником Государственной корпорации списка предоставленных услугополучателем документов в ИС, сканирование документов, прикрепление их к форме запроса и, на основании письменного согласия услугополучателя, заверение запроса услугополучателя, а также оригиналов (копий) документов в форме электронных документов своей ЭЦП, выданной ему для использования в служебных целях;

      процедура 9 – выдача работником Государственной корпорации расписки со штрих-кодом, присвоенным в ИС, о приеме соответствующих документов от услугополучателя;

      процедура 10 – направление работником Государственной корпорации пакета документов услугодателю в форме электронных копий документов, удостоверенных ЭЦП, выданной ему для использования в служебных целях, через ШЭП в информационную систему "Государственная база данных "Е-лицензирование" (далее - ИС ГБД ЕЛ) для рассмотрения их на предмет соответствия условиям и требованиям выдачи разрешения, а также направления результата оказания государственной услуги в Государственную корпорацию.

      Перечень документов, которые необходимы услугодателю для оказания государственной услуги, определены пунктом 9 Стандарта государственной услуги.

      процедура 11 – выдача работником Государственной корпорации результата оказания государственной услуги услугополучателю в срок, указанный в расписке на получение;

      2) длительность обработки запроса услугополучателя в Государственной корпорации - не более 15 (пятнадцати) минут.

      12. Описание процесса получения результата оказания государственной услуги через Государственную корпорацию, его длительность:

      1) способ получения результата оказания государственной услуги – нарочно в Государственной корпорации;

      2) длительность процесса получения результата оказания государственной услуги – не более 15 (пятнадцати) минут;

      3) порядок получения результата оказания государственной услуги:

      процедура 1 – услугополучатель (либо его представитель по доверенности) на основании отрывного талона бланка заявления-расписки в указанный в нем срок с предъявлением документа, удостоверяющего его личность, обращается к работнику Государственной корпорации;

      процедура 2 – работник Государственной корпорации принимает у услугополучателя расписку со штрих-кодом для сканирования штрих-кода на расписке;

      процедура 3 – работник Государственной корпорации, с обязательной отметкой услугополучателя в получении, выдает ему результат оказания государственной услуги.

      Невыданные в срок, по вине услугополучателя, документы в течение одного месяца хранятся в Государственной корпорации.".

      2. Комитету экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение пяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник


"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13467 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11604 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген 6-қосымшасында:

      1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы, көрсетiлетiн қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:

      1) Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы:

      1-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) логин мен парольді (авторизация процесі) енгізуі;

      2-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішке қол қойған адамның жеке басын сәйкестендіруі;

      3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;

      4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiметтiң шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрауды "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) немесе "Заңды тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) жiберуі;

      1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;

      5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;

      6-рәсім - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;

      2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;

      7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруi;

      8-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін енгізуі, құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау нысанына тіркеп қоюы және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiнің негiзiнде электрондық құжаттар нысанындағы оның сұрауын, сондай-ақ құжаттардың түпнұсқаларын (көшірмелерін) өзiне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;

      9-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы АЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;

      10-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкері өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанындағы құжаттар топтамасын "Е-лицензиялау" мемлекеттiк деректер қоры ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МДБ АЖ) ЭҮШ арқылы рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгі мәніне қарастыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдау үшін жібереді.

      Мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 9-тармағымен анықталды.

      11-рәсім - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн береді;

      2) көрсетiлетiн қызметті алушының сұрауын Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.

      12. Мемлекеттiк қызметті көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесiнің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

      1) мемлекеттiк қызметті көрсетудiң нәтижесiн алу тәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол.

      2) мемлекеттiк қызметті көрсетудiң нәтижесiн алу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) мемлекеттiк қызметті көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш-қолхат бланкісі жыртылмалы талонының негізінде, онда көрсетілген мерзімде, оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгінеді;

      2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;

      3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының алғандығы туралы міндетті белгісін қойғыза отырып, оған мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының кінәсі бойынша мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник