Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.11.2021 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.11.2021 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі 11сы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына 1-қосымша |
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.10.2022 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, "электрондық үкіметтің" құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 26.04.2024 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.10.2024 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың (бұдан әрі – Талап) тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Талаптардың 8-тармағында көрсетілген "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды жолдайды.
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Талаптың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) Талаптың 8-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мәлімделген қызмет түріне және (немесе) кіші түріне ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне рұқсат беру бақылауын жүргізуге сұрау салуды электрондық нысанда жібереді.
8. Аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері сұрау түскен сәттен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9998 болып тіркелген) бекітілген Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) дайындайды.
Аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қорытынды портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.10.2024 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше қызметкерінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысын қарайды.
Талаптың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту не осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) беру туралы шешім қабылдайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Талаптың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Талаптың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде ҚР ӘРПК-ның 73-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыңдау өткізілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
12. Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанда берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
15. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында "Энергетика министрлігі" деген бөлімде орналастырады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімін:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
17. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК-ның 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.10.2024 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия". | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлға-лицензиат бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымша Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
______________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) тегі), жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________________________
(қызметтiң түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрі (лері) нің толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште
___________________________________________________________________
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________________
________________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________________
Телефондары_________________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
______________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға
сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыскерінің өтінішті электрондық
цифрлык қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
жүгінген жағдайда) расталады.
Жеке тұлға ___________________ __________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымша Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
____________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан орны,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________________
(қызметтiң түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрі (лері) нің толық атауы көрсетiлсiн)
____________________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште
__________________________________________________________________
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________________
_____________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________________
Телефондары____________________________________________________________
Факс___________________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды
болып табылатындығы;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыскерінің өтінішті электрондық
цифрлык қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы
жүгінген жағдайда) расталады.
Осымен, өзім ұсынған (толтырған) ақпараттың анықтығына Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жауапты болатынымды растаймын.
Басшы ____________________________ __________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" ____________________
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымша Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын
(керегінің астын сызу) №__________ бастап "___" ___________ 20____ берілген)
__________________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың
атауы)
__________________________________________________жүзеге асыруға
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі (лері) нің толық атауы)
(тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):
1) жеке тұлға-лицензиаттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда) тегі өзгерген
_______________________________________________________________________;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгерген
_______________________________________________________________________________;
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгерген
_____________________________________________________________;
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың
үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар"
сыныбы бойынша берілген лицензия иеліктен шығарылған
____________________________________;
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе
лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның
орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген
_______________________________________________________________________________;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда
_____________________________________________________________;
7) қызмет түрінің атауы өзгерген ______________________________________________;
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген________________________________________;
қағаз жеткізгіште ________ (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда
Х белгісін қою керек) қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________
_______________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________________________
Телефондар ________________________________________________________________
Факс ______________________________________________________________________
Банктік шот ________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) іші түрімен айналысуға
сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық
цифрлық қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
жүгінген жағдайда) расталады.
Жеке тұлға ______________________ __________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
______________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды
тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын (керегінің астын сызу)
№__________ бастап "___" _________ 20___ берілген)
_______________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні,
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)
_________________________________________________жүзеге асыруға
(қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы)
(тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):
1) заңды тұлға-лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті тор
көзде Х көрсетіңіз):
бірігу __________________________________________________________________
қайта құру _____________________________________________________________
қосылу ________________________________________________________________
бөліп шығару___________________________________________________________
бөліну ___________________________жолымен қайта ұйымдастырылуы;
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ________________________________;
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _____________________;
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңның 1-қосымшада көзделген
жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге
берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы
________________________________________;
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбыы бойынша берілген лицензия үшін немесе
лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның
орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі
____________________________________________________________________________;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған
жағдайларда _________________________________________________________;
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________________;
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________________;
қағаз жеткізгіште (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін
қою керек) қайта ресімдеуіңізді сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________________
(елі (шетелдік заңды тұлға үшін), пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________________
Телефондар ____________________________________________________________
Факс __________________________________________________________________
Банктік шот ____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға
сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыскерінің өтінішті электрондық
цифрлық қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
жүгінген жағдайда) расталады.
Басшы _____________________________ __________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
|
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Хабарлама
_________________________________________________________________ берілді
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Осымен ______________________________________________________________МО
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Сіздің [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, көрсетілетін қызметті
беруші "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия"
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша алдын ала шешімге
__________________________________________________
___________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
ұстанымын _________________________________________________________________
(тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)
білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы _______________________________________
___________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
лауазымы)
Хабарлама жолданған күні және уақыты:
20__ жылғы "___" ________ "__" сағат "__" мин
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Лицензия
20____ жылғы "___" ___________ №______________
_________________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
______________________________________________________________ айналысуға
__________________________________________________________________берілді
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі)
Ерекше шарттары ________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына
сәйкес)
Ескерту: ________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) ____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Қолы ___________________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Мөр орны (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Алғашқы берілген күні: "___" ____________ _______ ж.
Лицензияның қолданылу кезеңі: "___" ____________ _______ ж.
Берілген орны ___________________________________________________________
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияға қосымша
Лицензияның нөмірі ____________
Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)____________________
_________________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)
Лицензиат _______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі)
Өндiрiстік база және/немесе объект_________________________________________
(орналасқан жерi)
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары______________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
36-бабына сәйкес)
Лицензиар ______________________________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға)____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Қолы ______________ (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін)
Мөр орны (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін)
Қосымшаның нөмірі ________________
Қолданылу мерзiмi "____" _______________ _____ ж.
Қосымшаның берілген күні ________________ 20 ____ ж.
Берілген орны ________________________
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11604 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 639 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13100 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 31 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13338 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13467 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 83 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15046 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15401 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
8. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16622 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
9. "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 125 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16855 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
10. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 469 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17894 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
11. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18266 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
12. "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 33 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18274 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
13. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18498 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
14. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 377 бұйрығы 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19628 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).