О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 44 "Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва"

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 10 августа 2016 года № 367. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 сентября 2016 года № 14242.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 44 "Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10323, опубликованный 1 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Нормативах хранения материальных ценностей государственного материального резерва, утвержденных указанным приказом:

       пункт 33 изложить в следующей редакции:

      "33. Ширина проездов устанавливается в зависимости от минимального радиуса разворота электропогрузчика с конкретным навесным приспособлением и в соответствии с Правилами пожарной безопасности утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2014 года № 1077 (далее – Правила пожарной безопасности).

      Проходы шириной 0,5 метра оставляются в отапливаемых складах между штабелями консервов мясных и через каждые два-три штабеля консервов рыбных и в неотапливаемых складах через два штабеля консервов молочных.

      В подвальных камерах холодильника оставляются отступы следующих размеров: от стен, колонн, пристенных батарей, воздухоохладителей до штабеля – 0,3 метра, от потолка или низа балок до верха штабеля – 0,2 метра.

      Ширина проезда принимается равной 1,6 метра.

      Штабель товаров и поддоны не должны опираться на несущие конструкции складов.";

      в пункт 41 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 48 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 107 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 165 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 211 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 303 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 490 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 495 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 500 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 873 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 881 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 904 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 915 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 925 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Комитету по государственным материальным резервам Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течении десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Исполняющий обязанности


Министра национальной экономики


Республики Казахстан

М. Кусаинов


"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 10 тамыздағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 қыркүйекте № 14242 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау бұйрығына:

       33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары), жол ені ең аз радиус электртиегіштің нақты аспалы құралымен айналуына байланысты белгіленеді.

      Жылытылатын қоймада ет консервілерінің штабельдер арасында және балық консервілерінің әрбір екі-үш штабель сайын және жылытылмайтын қоймада сүт консервілерін екі штабель сайын ені 0,5 метр өткел қалдырады.

      Тоңазытқыш камерасының төлесінде келесі мөлшерде шегерім қалдырады: қабырғадан, тіректен, қабырға жанындағы батареядан, суытқыштан штабельге дейін 0,3 метр, төбеден немесе төменгі арқалықтан штабельдің басына дейін 0,2 метр.

      Жол ені 1,6 метрге тең қабылданады.

      Тауар штабелі және түпқоймалар салмақ түсетін қоймалардың конструкциясына сүйенбеуі тиіс.";

       41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Өндірістік ғимараттың жарықтығы, электр сымдары 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы "Электр энергетикасы туралы" Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. Электр шамдары жабық немесе қорғаныспен (әйнек қалпағымен) орындалуы тиіс.";

       48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қант сапасының сақталуын бақылау, ауа айналымын қамтамасыз ету, тиеу-түсіру және көлік-қойма жұмыстары кезінде механизмдерді қолдану ыңғайлылығы үшін және қоймаларда қантты қатарлап қою кезінде Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау мақсатында келесі мөлшердегі өткелдер (жүретін жол) қалдырылады:

      периметр бойынша жылытылатын қоймада (секцияда) тіректен немесе жылытылатын батареядан және жылытылмайтын қоймада қабырғадан - ені 0,5 метр, қат - қабат арасында - 0,5 метр.

      Жол ені ең аз радиус электротиегіштің нақты аспалы құралымен айналуына байланысты белгіленеді. Қойма ауданының қолдануын жақсарту үшін, негізгі қат - қабаттарды төсегеннен кейін, ені бір пакет қосымша төсеуді негізгі жол қат - қабат бойымен 2,5 метрден кем емес өткізу жолын қалдыру қажет.";

       107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Шай сапасының сақталуын бақылау, ауа айналымын қамтамасыз ету және шайды қоймаларда қою кезіндегі механизмдерді қолдану ынғайлылығы үшін Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес қабырға бойымен ұзынынан және көлденеңнен өтетін жер қалдырылады.";

       165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Шиналарды қою үшін металл стеллаж пайдаланылады. Стеллаждар ені 12 сантиметрден аспайтын сөреге 20Ү бұрышта орналасқан тегіс ағаш тіреуіштерімен жабдықталады.

      Стеллаждағы қабаттар саны шина көлемімен және қойма биіктігімен анықталады.

      Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес стеллаждар аралығында өтетін жолдың бірі бөлім (қойма) ортасында сөрелермен жабдықталмайды және шиналар тиелмейді.

      Шиналар тік күйінде тысы ішінде, үрленген және тальктелген камерасымен металл стеллаждардан және металл жылжымалы сөрелерде орналастырылады.

      Құрсау лента қораптарын, қорапты габариті үлкен тыстардың борттарының төменгі жағына қойып, шиналар пакеттерінің ішінде шина пакетін бойлай қаптап тастау керек

      Металл стеллаждары болмаған жағдайда, шиналарды стеллажсыз тегіс тіреуіші бар тауар қойғыштарда уақытша сақтауға рұқсат етіледі, шиналарды протекторға тігінен үш шинаның биіктігіндей етіп қоюға болады.";

       211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "211. Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау мақсатында электр өткізгіштер, шамдар мен сабын штабелінің жоғарғы қатары арасындағы ара қашықтық 0,5 метрден кем болмауы керек.";

       303-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "303. "И" авиациялық сұйықтығы – бұл төменгі температура болған жағдайда судан мұз кристаллдарының қалыптасуына қарсы бағытталған, су кристаллизациясына қарсы сұйықтық. Қолдану кезінде Өрт қауіпсіздігі қағидаларын және улы сұйықтықтармен жұмыс жасауға қойылатын талаптарды сақтаған жөн.";

       490-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "490. Бұйымдар оралған күйінде Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жабық, құрғақ, желдетілетін қойма үй-жайларында табандықтарда немесе стеллаждарда атмосфералық жауын-шашын мен топырақ ылғалының әсерін болдырмайтын жағдайларда сақталуға тиіс.";

       495-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "495. Көрпелер Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес кірленуді, механикалық бұзылуды, күн сәулесінің әсерін болдырмайтын құрғақ, желдетілетін үй-жайда сақталуға тиіс.";

       500-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "500. Бұйымдар оралған күйінде Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жабық, құрғақ, желдетілетін қойма үй-жайларында табандықтарда немесе стеллаждарда атмосфералық жауын-шашын мен топырақ ылғалының әсерін болдырмайтын жағдайларда сақталуға тиіс.";

       873-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "873. Электрстанциясы Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жабық, құрғақ, желдетілетін қойма үй-жайларында, атмосфералық жауын-шашын мен топырақ ылғалының әсерін болдырмайтын жағдайларда сақталады.";

       881-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "881. Электрстанциясы Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жабық, құрғақ, желдетілетін қойма үй-жайларында, атмосфералық жауын-шашын мен топырақ ылғалының әсерін болдырмайтын жағдайларда сақталады.";

       904-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "904. Май құятын электрлі радиатор Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жабық, құрғақ, желдетілетін қойма үй-жайларында, атмосфералық жауын-шашын мен топырақ ылғалының әсерін болдырмайтын жағдайларда сақталады.";

       915-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "915. Ғимараттар, оның конструктивті элементтері мен пакеттер еріген қар сулары мен жауын суларын бұруды қамтамасыз ететін көлбеуі бар, тұғырларды қолданумен және Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес алаңдарда сақталуы тиіс.";

       925-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "925. Ғимараттар, оның конструктивті элементтері мен пакеттер еріген қар сулары мен жауын суларын бұруды қамтамасыз ететін көлбеуі бар, тұғырларды қолданумен және Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес алаңдарда сақталуы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

М. Құсайынов