О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 617 "Об утверждении Правил оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 17 октября 2016 года № 888. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2016 года № 14633. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 6 января 2020 года № 2.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 06.01.2020 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 112 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан от 31 октября 2015 года, пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 5 декабря 1997 года "Об адвокатской деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 617 "Об утверждении Правил оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12434, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 22 декабря 2015 года) следующие изменения:

      в Правилах оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 4:

      абзац первый подпункта 3) изложить в следующей редакции:

      "3) постановления органов, ведущих уголовный процесс, судов и органов (должностных лиц), уполномоченных рассматривать дела об административных правонарушениях, об освобождении лица, нуждающегося в юридической помощи, от ее оплаты и возмещения расходов, связанных с защитой или представительством, и отнесении подлежащих выплате сумм за счет бюджетных средств, в которых указываются:";

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) определения судей или судов по гражданским делам, об освобождении лица, нуждающегося в юридической помощи, от ее оплаты и возмещения расходов, связанных с защитой или представительством, и отнесении подлежащих выплате сумм за счет бюджетных средств, в которых указываются:

      наименование суда, фамилия, инициалы судьи, вынесшего определение или постановление;

      наименование, место и дата рассмотрения дела;

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, освобожденного от оплаты юридической помощи и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством;

      мотивы освобождения от оплаты юридической помощи и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством;

      фамилия и инициалы адвоката, принявшего участие в деле в качестве защитника или представителя, номер и дата выдачи ордера, удостоверяющего его полномочия;

      дата, время начала и окончания производства процессуальных действий, в которых принимал участие адвокат;

      продолжительность ознакомления адвоката с материалами дела;

      дата и продолжительность судебных заседаний, в которых принимал участие адвокат;

      продолжительность времени ожидания начала судебного заседания или продолжения судебного заседания в случае его отложения (при наличии фактов);

      продолжительность времени составления адвокатом заявлений, ходатайств, частных, апелляционных, кассационных и иных жалоб по делу, замечаний на протокол судебного заседания (в случае, если составление таких документов имело место);

      количество рабочих дней командировки, связанной с выездом адвоката в другую местность для оказания юридической помощи;

      полное наименование и банковские реквизиты соответствующей коллегии адвокатов, членом которой является адвокат.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Возмещению за счет бюджетных средств подлежат командировочные расходы адвоката, связанные с защитой и представительством, в случаях, указанных в подпунктах 2), 3), 4) пункта 2 настоящих Правил в соответствии с Законом".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр юстиции


Республики Казахстан

М. Бекетаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Генеральный Прокурор

      Республики Казахстан

      ___________Ж. Асанов

      29 декабря 2016 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Председатель Верховного Суда

      Республики Казахстан

      ___________К. Мами

      13 декабря 2016 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      ___________К. Касымов

      28 октября 2016 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ___________Б. Султанов

      24 октября 2016 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Председатель Агентства

      Республики Казахстан

      по делам государственной службы

      и противодействию коррупции

      ___________К. Кожамжаров

      2 ноября 2016 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Председатель Комитета

      национальной безопасности

      Республики Казахстан

      ___________К. Масимов

      2 декабря 2016 год



"Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 888 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда № 14633 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 06.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 112-бабына, "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12434 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:

      4-тармақта:

      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы қаулылары, оларда:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) азаматтық істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда:

      соттың атауы, ұйғарым немесе қаулы шығарған судьяның тегі, аты-жөні;

      істің атауы, қарау орны және күні;

      заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

      заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

      қорғаушы немесе өкіл ретінде іске қатысқан адвокаттың тегі және аты-жөні, оның өкілеттілігін растайтын ордердің нөмірі мен берілген күні;

      адвокат қатысқан процестік әрекеттерді жүргізу күні, оның басталуы мен аяқталуы уақыты;

      адвокаттың іс материалдарымен танысуы ұзақтығы;

      адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

      сот отырысының басталуын немесе сот отырысының ол кейінге қалдырылған жағдайда жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);

      адвокаттың іс бойынша арыздарды, өтінішхаттарды, жеке, аппеляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды және сот отырысының хаттамасына ескертулерді жасауы уақытының ұзақтығы (егер осындай құжаттар жасалса);

      адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

      адвокат мүшесі болып табылатын тиісті Адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелері көрсетіледі.";

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтүзбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры

      ___________ Ж. Асанов

      9 желтоқсан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының төрағасы

      ___________ К. Мәми

      13 желтоқсан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      24 қазан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      ___________ Қ. Қожамжаров

      2 қараша 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________ К. Мәсімов

      2 желтоқсан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ К. Қасымов

      28 қазан 2016 жыл