БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Н. Пан |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына қосымша |
1. "Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12434 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Адвокат көрсеткен заң көмегі ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 888 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14633 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Адвокат ордерінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6949 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).