Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Постановление акимата города Астаны от 29 июля 2016 года № 102-1384. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 17 августа 2016 года № 1047

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 5 Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-3/177 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11094), акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить перечень приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий (на 1 гектар) на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2016 год, согласно приложению.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Астаны от 18 декабря 2015 года № 102-2319 «Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 983, опубликовано в газетах «Астана ақшамы» от 26 декабря 2015 года № 145 (3350), «Вечерняя Астана» от 26 декабря 2015 года № 145 (3368).
      3. Возложить на руководителя Государственного учреждения «Управление сельского хозяйства города Астаны» опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата города Астаны.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Бектурову М.Е.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Астаны                         А. Исекешев

Приложение      
к постановлению акимата 
города Астаны     
от 29 июля 2016 года  
№ 102-1384      

    Перечень приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы
       субсидий (на 1 гектар) на повышение урожайности и
       качества продукции растениеводства, удешевление
       стоимости горюче-смазочных материалов и других
      товарно-материальных ценностей, необходимых для
     проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем
     субсидирования производства приоритетных культур и
    стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных
         культур в защищенном грунте на 2016 год


п/п

Наименование сельскохозяйственной культуры

Нормы бюджетных субсидий на 1 гектар (тенге)

1.

Овощи закрытого грунта, возделанные в промышленных тепличных комплексах (1 культурооборот)

2 500 000

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 102-1384 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 17 тамызда № 1047 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлімiнде № 11094 болып тiркелген) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiспен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 102-2319 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 983 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 145 (3350) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 145 (3368) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                      Ә. Исекешев

Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 102-1384 қаулысына 
қосымша       

2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

Р/с №

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Бюджеттік субсидиялардың
1 гектарға арналған нормасы
(теңге)

1.

Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)

2 500 000