Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 29.07.2016 № 102-1384 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Құрманғалиев Әсет Қабиұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбеков
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________А. Мамытбеков
2015 жылғы 18 желтоқсан
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 102-2319 қаулысына
қосымша
2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және
басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының
шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай
материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл
шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
(1 гектарға)
Р/с № |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Бюджеттік субсидиялардың 1 |
1. |
Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) |
2 500 000 |