О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 11 мая 2016 года № 46. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 24 мая 2016 года № 3818. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 29 июня 2020 года № 555

      Сноска. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 29.06.2020 № 555 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Сатпаев и поселка Жезказган согласно приложению.
      2. Признать утратившим силу решение Сатпаевского городского маслихата от 16 июля 2007 года № 480 "Об определении места проведения в городе Сатпаев мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8-6-49, опубликовано в газете "Шарайна" от 18 июля 2007 года № 81 (1489)).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии К. Керимкулов
      Секретарь
городского маслихата
Т. Хмилярчук

  Утверждено
решением Сатпаевского
городского маслихата
от 11 мая 2016 года № 46

Дополнительное регламентирование порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      1. Настоящее дополнительное регламентирование порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Сатпаев и поселке Жезказган (далее – Порядок) разработано в соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан" и дополнительно регламентирует порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Сатпаев и поселке Жезказган.
      2. Места проведения мирных собраний и митингов в городе Сатпаев:
      1) площадка напротив спортивно-развлекательного комплекса "Асыл мекен" на пересечении проспекта Академика Каныша Сатпаева и улицы Женис;
      2) площадь Славы по улице Гурбы напротив Парка Победы.
      3. Место проведения мирных собраний и митингов в поселке Жезказган: площадка напротив Дома культуры по улице Абиева.
      4. Маршруты для проведения шествий и демонстраций в городе Сатпаев:
      1) от дома № 4 по улице Байконурова, по проспекту Академика Каныша Сатпаева до Центра подготовки олимпийского резерва со стороны улицы Кусаинова;
      2) от дома № 12 по улице Муратбаева, по улице Гурбы, до дома № 4 по улице Жандосова.
      5. Маршрут для проведения мирных шествий и демонстраций в поселке Жезказган: от дома № 27 до магазина № 13 по улице Абиева.
      6. Акимат города в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением иные время, место и маршрут проведения мероприятия.
      7. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее чем за 10 дней до намеченной даты их проведения.
      8. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в акимате города.
      9. В случае нарушения пунктов 7, 8 настоящего Порядка заявителю дается ответ, разъяснительного характера, с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.
      10. В ответе, разъяснительного характера, организаторам письменно указывается на принятие мер по отмене всех подготовительных процедур и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.
      11. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.
      12. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники должны соблюдать общественный порядок.
      13. Уполномоченные (организаторы) должны не допускать участия в собраниях, митингах, шествиях, пикетах, демонстрациях лиц, признанных судом недееспособными, лиц находящихся в состоянии алкогольного либо наркотического опьянения.
      14. Уполномоченным (организаторам) и иным участникам собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций не допускается использование масок и иных предметов, предназначенных для затруднения установления личности.
      15. Уполномоченным (организаторам) и иным участникам собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций не допускается распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров, использовать транспаранты, лозунги, а также допускать публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, а также оскорбления в адрес кого-либо.
      16. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть прекращены, по требованию представителя акимата города, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, предусмотренный законодательством Республики Казахстан, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка. 
      17. В целях обеспечения общественного порядка, а также безопасности участников пикетов акимат города может разрешить проведение в один и тот же день и время, на одном и том же объекте не более трех одиночных пикетов.
      18. В целях обеспечения общественного порядка, так и в интересах безопасности самих пикетчиков участники различных одиночных пикетов располагаются друг относительно друга на расстоянии не менее 50 метров.
      19. При пикетировании допускается стоять, сидеть у пикетируемого объекта, использовать средства наглядной агитации, выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета (используя возможности своего голоса).

Бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 46 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 мамырда № 3818 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 555 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.06.2020 № 555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Сәтбаев қаласы және Жезқазған кенті аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі "Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орнын белгілеу туралы" № 480 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-49 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 шілдедегі "Шарайна" № 81 (1489) газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Керімқұлов
      Қалалық
      мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 46 шешімімен
бекітілген

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Сәтбаев қаласы және Жезқазған кентінде осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (әрі қарай – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген және Сәтбаев қаласы және Жезқазған кентінде жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

      2. Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орындары:

      1) Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысындағы "Асыл мекен" ойын-сауық кешеніне қарама-қарсы орналасқан алаң;

      2) Гурба көшесіндегі Жеңіс саябағына қарама-қарсы орналасқан Даңқ алаңы.

      3. Жезқазған кентінде бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орны: Әбиев көшесі бойындағы Мәдениет үйіне қарама-қарсы алаңы.

      4. Сәтбаев қаласында бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршруттар:

      1) Байқоңыров көшесі бойынша № 4 үйден, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы бойынша, Құсайынов көшесі жағынан Олимпиадалық резервке дайындау орталығына дейін;

      2) Мұратбаев көшесі бойынша № 12 үйден, Гурба көшесі бойынша, Жандосов көшесі бойынша № 4 үйге дейін.

      5. Жезқазған кентінде бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршрут: Әбиев көшесі бойынша № 27 үйден № 13 дүкенге дейін.

      6. Қала әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты, жерiн және маршрутын ұсынады.

      7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күнінен кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.

      8. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi қала әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      9. Осы тәртіптің 7, 8 тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы жауап қайтарылады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнiнен бастап есептеледi.

      10. Түсіндіру мазмұнындағы жауапта, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар ету бойынша шаралар қабылдауға жазбаша нұсқалады.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      12. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауы керек.

      13. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныған тұлғалардың, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.

      14. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

      15. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өтетін орында алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің ар-намысына тиетін, транспаранттарды, ұрандарды қолдануға тыйым салынады.

      16. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қала әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуға тиіс.

      17. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір объектіде үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      18. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында түрлі және дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

      19. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды айтуға, ұран сөздерді (өз дауысының мүмкіндігімен) жол беріледі.