Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников государственных дошкольных организаций образования

Постановление акимата города Актау Мангистауской области от 27 сентября 2016 года № 1751. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 28 октября 2016 года № 3163. Утратило силу постановлением акимата города Актау Мангистауской области от 28 июня 2021 года № 03-04/1065

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Актау Мангистауской области от 28.06.2021 № 03-04/1065 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь", акимат города Актау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула в редакции постановления акимата города Актау Мангистауской области от 24.07.2019 № 1715 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Организовать бесплатное питание в государственных дошкольных организациях образования следующим категориям воспитанников:

      1) детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей;

      2) детям с ограниченными возможностями в развитии, детям инвалидам;

      3) детям из многодетных семей;

      4) детям из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума.

      2. Бесплатное питание организовывается воспитанникам государственных дошкольных организаций образования при предоставлении следующих подтверждающих документов:

      1) письменного заявления в произвольной форме родителей или лиц, их заменяющих;

      2) копии справки об утверждении опеки (попечительства), патронатного воспитания-для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, воспитывающихся в семьях;

      3) справки об инвалидности – детям-инвалидам или копии медицинского заключения психолого-медико-педагогической консультации – для детей с ограниченными возможностями в развитии;

      4) копии свидетельства о рождении для детей из многодетных семей;

      5) справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям государственной адресной социальной помощи, предоставляемой государственным учреждением "Актауский городской отдел занятости и социальных программ", для детей из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи;

      6) сведений о полученных доходах (заработная плата работающих родителей или их заменяющих, доходы от предпринимательской деятельности и других видов деятельности, доходы в виде алиментов на детей и других иждивенцев) - для детей из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже прожиточного минимума.

      Право на бесплатное питание в период воспитания в государственных дошкольных организациях образования для детей из семей, имеющих право на получение адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, должно подтверждаться ежегодно предоставлением документов в государственные дошкольные организации образования согласно подпунктам 5) и 6) пункта 2 настоящего постановления.

      Финансирование затрат на организацию бесплатного питания в государственных дошкольных организациях образования города осуществляется из местного бюджета на соответствующий финансовый год.

      3. Государственному учреждению "Актауский городской отдел образования" (Тулебаева С.):

      обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Мангистауской области, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на исполняющего обязанности заместителя акима города Кенжалиева Б.А.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города С. Трумов

      "СОГЛАСОВАНО":

      Руководитель государственного

      учреждения "Актауский городской

      отдел образования"

      Тулебаева С.Д.

      "27" сентября 2016 год

Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1751 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қазанда № 3163 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 03-04/1065 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 28.06.2021 № 03-04/1065 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 "Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтарға әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн, түрлерiн және оны беру қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 24.07.2019 № 1715 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

      1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

      3) көп балалы отбасылардың балаларына;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттар ұсынылған кезде тегін тамақтандыру ұйымдастырылады:

      1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедек балаларға мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер).

      Атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасылардан шыққан балалар үшiн мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңiнде тегiн тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиiс.

      Қаланың мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

      3. "Ақтау қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Тулебаева):

      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Б.А. Кенжалиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С.Трұмов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Ақтау қалалық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.Д. Тулебаева

      "27" қыркүйек 2016 жыл