О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 11 июля 2013 года № 11/120 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям(гражданам) в Каракиянском районе"

Решение Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 24 октября 2016 года № 5/46. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 17 ноября 2016 года № 3185. Утратило силу решением Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 28 марта 2024 года № 13/105.

      Сноска. Утратило силу решением Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 28.03.2024 № 13/105 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" Каракиянский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Каракиянского районного маслихата от 11 июля 2013 года №11/120 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каракиянском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2286, опубликовано в газете "Қарақия" от 15 августа 2013 года №33 (544)) следующие изменения:

      в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каракиянском районе, утвержденным указанным решением:

      по всему тексту на государственном языке внесены изменения, текст на русском языке не изменяется.

      2. Признать утратившим силу решение Каракиянского районного маслихата от 24 июня 2016 года №3/25 "О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 июля 2013 года №11/120 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каракиянском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3092, опубликовано в газете "Қарақия" от 04 августа 2016 года № 37-38 (744-745)).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Каракиянского районного маслихата законности, полномочия депутатов и по социальным вопросам (председатель комиссии А.Нугманов).

      4. Руководителю аппарата Каракиянского районного маслихата (Р.Ибраева) после государственной регистрации в департаменте юстиции Мангистауской области обеспечить официальное опубликование настоящего решения в информационно – правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж.Тулегожаев
      Секретарь районного маслихата А.Мееров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Каракиянский районный

      отдел занятости, социальных программ

      и регистрации актов гражданского состояния"

      Сарсенгали Маркс Тайырович

      24 октября 2016 года.

Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 5/46 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 қарашада № 3185 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 13/105 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 13/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2286 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2013 жылғы 15 тамызда № 33 (544) жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" деген тарауда:

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Жеке меншігінде бір тұрғынжай бірлігінен артық тұрғынжайы немесе тұрғынжайын жалға (жалдама) немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды".

      2. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы №3/25 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3092 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 тамыздағы №37-38 (744-745) "Қарақия" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Нұғманов).

      4. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Тулегожаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

      хал актілерін тіркеу бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Сәрсенғали Маркс Тайырұлы

      24 қазан 2016 жыл.