Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 3/25 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 шілдеде № 3092 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 5/46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 24.10.2016 № 5/46 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2286 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2013 жылғы 15 тамызда № 33 (544)жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
      бүкіл мәтін бойынша "тұрғын жай" деген сөздер тиісінше "тұрғынжай" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Нұғманов).
      3. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А.Нұғманов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қарақия аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысының
      міндетін атқарушы
      Отарбаева Айгүл Өтемұратқызы
      24 маусым 2016 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады