О внесении изменения в решение маслихата от 29 апреля 2014 года № 232 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области"

Решение маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 22 декабря 2016 года № 102. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 27 января 2017 года № 6818. Утратило силу решением маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 30 октября 2020 года № 540

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 30.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Карабалыкский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Карабалыкского районного маслихата от 29 апреля 2014 года № 232 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4761, опубликовано 29 мая 2014 года в районной газете "Айна") следующие изменения:

      пункт 8 указанного решения изложить в новой редакции:

      "8. Кандидатуры представителей жителей сел Карабалыкского сельского округа для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным Карабалыкским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.";

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель четвертой сессии С. Лысоченко
      Секретарь районного маслихата А. Тюлюбаев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Карабалыкского сельского

      округа Карабалыкского района

      _____________________ М. Велин

  Приложение
к решению маслихата
от 22 декабря 2016 года № 102
  Приложение
к решению маслихата
от 29 апреля 2014 года № 232

Количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей сел Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области (человек)

Для жителей села Кособа Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

30

Для жителей села Карачаколь Карабалыкского сельского округа, Карабалыкского района Костанайской области

10


Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 232 "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 102 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 6818 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 540 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 30.10.2020 № 540 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабалық аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 232 "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4761 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарабалық ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарабалық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші сессия төрағасы С. Лысоченко
      Аудандық мәслихатының хатшысы А. Тюлюбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарабалық ауданы Қарабалық

      ауылдық округінің әкімі

      ___________________ М. Велин

  Мәслихаттың
2016 жылғы желтоқсандағы
№ 102 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 232 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің Қособа ауылының тұрғындары үшін

30

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің Қарашакөл ауылының тұрғындары үшін

10