О выплате единовременной денежной компенсаций на покрытие расходов за коммунальные услуги педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности за счет средств местного бюджета

Решение Казыгуртского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 7 декабря 2016 года № 11/58-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 12 декабря 2016 года № 3915. Утратило силу решением Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 18 октября 2023 года № 6/40-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 18.10.2023 № 6/40-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлений в Республики Казахстан" и подпунктом 2) пункта 2 статьи 53 Закона Республики Казахстан "Об образовании", Казыгуртский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Выплатить педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности, единовременную денежную компенсацию в размере 2 месячного расчетного показателя на покрытие расходов за коммунальные услуги за счет средств местного бюджета.
      2. Признать утратившим силу решение Казыгуртского районного маслихата от 13 декабря 2013 года № 25/167-V "О выплате единовременной денежной компенсаций на покрытие расходов за коммунальные услуги педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2471, опубликовано 17 января 2014 года в газете "Казыгурт тынысы").
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата М. Туранов
      Секретарь районного
      маслихата У. Копеев

Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 11/58-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 3915 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 6/40-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 18.10.2023 № 6/40-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 53 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленсін.
      2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/167-V "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2471 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңдардағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Туранов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы У. Копеев