Об утверждении Правил осуществления мониторинга волонтерской деятельности

Приказ Министра по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан от 24 марта 2017 года № 42-1. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 апреля 2017 года № 15038. Утратил силу приказом Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 31 октября 2022 года № 476.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра информации и общественного развития РК от 31.10.2022 № 476 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 30 декабря 2016 года "О волонтерской деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления мониторинга волонтерской деятельности.

      2. Комитету по делам гражданского общества Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по делам религий и гражданского общества;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по делам религий
и гражданского общества
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев

  Утверждены
приказом Министра
по делам религий
и гражданского общества
Республики Казахстан
от 24 марта 2017 года № 42-1

Правила осуществления мониторинга волонтерской деятельности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления мониторинга волонтерской деятельности (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 30 декабря 2016 года "О волонтерской деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления мониторинга волонтерской деятельности.

      2. Цель мониторинга волонтерской деятельности – анализ волонтерской деятельности, выявление общих тенденций и выработка рекомендаций по развитию волонтерской деятельности на основе сбора информации.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) волонтерская деятельность – добровольная социально направленная, выполняемая по свободному волеизъявлению, общественно полезная деятельность, осуществляемая на безвозмездной основе в интересах физических и (или) юридических лиц;

      2) мониторинг волонтерской деятельности (далее - мониторинг) – процесс сбора и анализа информации о волонтерской деятельности.

      3) субъекты волонтерской деятельности – физические и юридические лица, осуществляющие волонтерскую деятельность в соответствии с законами Республики Казахстан (волонтеры, группы волонтеров, волонтерские организации, координаторы и организаторы волонтерской деятельности).

Глава 2. Порядок осуществления мониторинга волонтерской деятельности

      4. В целях реализации настоящих Правил в соответствии со статьей 10 Закона мониторинг осуществляется местными исполнительными органами по вопросам мониторинга волонтерской деятельности.

      5. Мониторинг осуществляется на основании информации о субъектах и практике волонтерской деятельности, волонтерских программ (проектов) и акций, опубликованной в средствах массовой информации, размещенной на интернет-ресурсах государственных органов, неправительственных и волонтерских организаций, данных наблюдения и социологических исследований, сведений субъектов волонтерской деятельности.

      6. Мониторинг включает в себя следующие этапы:

      1) сбор информации о:

      субъектах волонтерской деятельности (вид, количество субъектов за отчетный период);

      видах волонтерской деятельности;

      реализации волонтерских программ (проектов) и волонтерских акций, в том числе в сотрудничестве с государственными органами;

      положительной практике волонтерской деятельности, осуществляемой субъектами волонтерской деятельности;

      2) обработка и анализ информации по итогам мониторинга;

      3) составление отчетной информации на основании проведенного анализа. Отчетная информация содержит в себе:

      изложение текущего состояния волонтерской деятельности;

      описание положительной практики;

      описание проблемных вопросов;

      представление предложений по развитию и поддержке гражданских инициатив, направленных на организацию волонтерской деятельности;

      представление предложений по разработке и реализации мер по повышению роли волонтерской деятельности;

      представление предложений по решению проблемных вопросов.

      7. По итогам мониторинга местные исполнительные органы районов, городов областного значения предоставляют информацию в местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения и столицы ежеквартально к 5 числу месяца, следующего за отчетным периодом.

      8. Местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения и столицы представляют информацию в уполномоченный орган в сфере волонтерской деятельности (далее – уполномоченный орган) ежеквартально к 10 числу месяца, следующего за отчетным периодом.

      9. Уполномоченный орган в соответствии с подпунктом 2) статьи 9 Закона осуществляет свод и обобщение информации о волонтерской деятельности, указанной в пункте 5 настоящих Правил.

      10. По итогам обработки информации уполномоченным органом проводится анализ информации путем выделения общих тенденций, положительной практики, проблемных вопросов и выработки рекомендаций по обеспечению эффективной реализации государственной политики в сфере волонтерской деятельности.

      11. Уполномоченный орган по итогам мониторинга готовит итоговую информацию о волонтерской деятельности в Республике Казахстан и вносит ее в Правительство Республики Казахстан 1 раз в полугодие к 25 числу месяца, следующего за отчетным периодом.

Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 42-1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 15038 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 476 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.10.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Волонтерлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде электрондық және қағаз данасын баспа басылымдарында ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам
Министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық
қоғам Министрінің
2017 жылғы 24 наурыздағы
№42-1 бұйрығымен
бекітілді

Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Волонтерлік қызмет туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

      2. Волонтерлік қызмет мониторингінің мақсаты – ақпаратты жинақтау негізінде волонтерлік қызметке талдау жүргізу, жалпы үрдістерді анықтау және волонтерлік қызметті дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) волонтерлік қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;

      2) волонтерлік қызметтің мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау және талдау үрдісі.

      3) волонтерлік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес волонтерлік қызметті жүзеге асыратын (волонтерлер, волонтерлер тобы, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер) жеке және заңды тұлғалар.

2-тарау. Волонтерлік қызметке мониторинг жүргізу тәртібі

      4. Осы Қағидаларды іске асыру мақсатында Заңның 10-бабына сәйкес мониторинг жергілікті атқарушы органдарымен волонтерлік қызмет мониторингі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.

      5. Мониторинг бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылған волонтерлік қызмет субъектілері және тәжірибесі, волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және акциялар туралы ақпарат, бақылаулар және әлеуметтік зерттеулер, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызмет субъектілерінің деректері негізінде жүргізіледі.

      6. Мониторинг келесі кезеңдерден тұрады:

      1) волонтерлік қызмет субъектілері туралы (түрі, есепті кезеңдегі субъектілер саны);

      волонтерлік қызмет түрлері туралы;

      волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялардың (соның ішінде мемлекеттік органдармен серіктестіктегі) іске асырылуы туралы;

      волонтерлік қызмет субъектілерімен іске асырылатын волонтерлік қызметтің оң тәжірибесі туралы ақпарат жинақтау;

      2) мониторинг қорытындылары бойынша ақпаратты өңдеу және талдау;

      3) жүргізілген талдау негізінде есептік ақпарат әзірлеу Есептік ақпарат келесі құрам бойынша әзірленеді:

      волонтерлік қызметтің қазіргі жағдайын баяндау;

      оң тәжірибені сипаттау;

      туындаған мәселелерді баяндау;

      волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау бойынша ұсыныстар беру;

      волонтерлік қызметтің ролін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеу және қабылдау бойынша қсыныстар беру;

      мәселерді шешу бойынша ұсыныстар беру.

      7. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты әр тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне ұсынады.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) әр тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне ұсынады.

      9. Уәкілетті орган Заңның 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтайды және қорытындылайды.

      10. Өңделген ақпарат нәтижесінде уәкілетті органмен жалпы үрдістерді, оң тәжірибені, проблемалық мәселелерді көрсете отырып ақпаратқа талдау жүргізіледі және волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірленеді.

      11. Волонтерлік қызмет саласында уәкілетті орган мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы қорытынды ақпаратты дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкіметіне жарты жылда 1 рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күніне енгізеді.