Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Западно-Казахстанской и Восточно-Казахстанской областей

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 апреля 2017 года № 252. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2017 года № 15039.

      В соответствии со статьей 212 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и пунктом 8 постановления Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 "Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска местными исполнительными органами Западно-Казахстанской и Восточно-Казахстанской областей государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2017 год;

      вид ценных бумаг – государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ;

      2) объемы:

      Западно-Казахстанской области – не более 2 453 707 000 (два миллиарда четыреста пятьдесят три миллиона семьсот семь тысяч) тенге;

      Восточно-Казахстанской области – не более 1 862 412 700 (один миллиард восемьсот шестьдесят два миллиона четыреста двенадцать тысяч семьсот) тенге;

      3) целевое назначение – финансирование строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ.

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан (Мейрханов Р.Т.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.


      Министр финансов
      Республики Казахстан Б. Султанов

Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15039 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына және "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемдері:

      Батыс Қазақстан облысы – 2 453 707 000 (екі миллиард төрт жүз елу үш миллион жеті жүз жеті мың) теңгеден артық емес;

      Шығыс Қазақстан облысы – 1 862 412 700 (бір миллиард сегіз жүз алпыс екі миллион төрт жүз он екі мың жеті жүз) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауға жіберілуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов