О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 "Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 386. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2017 года № 15383. Утратил силу приказом и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 5 февраля 2024 года № 47.

      Cноска. Утратил силу приказом и.о. Министра промышленности и строительства РК от 05.02.2024 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 "Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7785, опубликован 23 августа 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 282-283 (27101-27102) следующие изменения:

      в Типовом положении о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений, утвержденном указанным приказом:

      пункты 3, 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "3. Жилищная комиссия формируется из нечетного количества не менее пяти (в центральных государственных органах не менее семи) человек, в том числе представителей профсоюзных организаций (при наличии), представителей уполномоченного органа и секретаря Жилищной комиссии.

      4. В состав Жилищной комиссии входят:

      первый руководитель уполномоченного органа (за исключением центральных государственных органов);

      ответственный секретарь либо лицо, его заменяющее (в центральных государственных органах) в соответствии с пунктом 3 Указа Президента Республики Казахстан от 27 июля 2007 года № 372 "О статусе и полномочиях ответственного секретаря центрального исполнительного органа Республики Казахстан" (далее – Указ);

      руководитель аппарата или заместители первого руководителя уполномоченного органа (в центральных государственных органах, где не введена должность ответственного секретаря);

      руководитель юридической службы (при наличии);

      руководитель финансовой службы;

      руководитель кадровой службы;

      секретарь Жилищной комиссии;

      представители профсоюзных организаций не более трех (при наличии);

      представители уполномоченного органа.

      5. Жилищную комиссию возглавляет первый руководитель уполномоченного органа.

      В центральных государственных органах Жилищную комиссию возглавляет ответственный секретарь либо лицо, его заменяющее в соответствии с пунктом 3 Указа.

      В центральных государственных органах, где не введена должность ответственного секретаря, Жилищную комиссию возглавляет руководитель аппарата или заместитель первого руководителя уполномоченного органа.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Жилищная комиссия заседает не реже одного раза в месяц, за исключением центральных государственных органов, жилищные комиссии которых заседают по мере необходимости.";

      пункт 9 исключить;

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Секретарь Жилищной комиссии не имеет право голоса.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Решение Жилищной комиссии правомочно, если оно принято двумя третями из числа присутствующих членов.".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

"Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15383 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 5 ақпандағы № 47 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.02.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережеде:

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй комиссиясы тақ санды кемінде бес адамнан (орталық мемлекеттік органдарда кемінде жеті), оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), уәкілетті органның өкілдерінен және тұрғын үй комиссиясының хатшысынан қалыптастырылады.

      4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:

      уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);

      жауапты хатшы немесе "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Жарлық) оның міндетін атқарушы тұлға (орталық мемлекеттік органдарда);

      аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары (жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда);

      заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);

      қаржы қызметінің басшысы;

      кадр қызметінің басшысы;

      Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;

      үштен аспайтын кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);

      уәкілетті органның өкілдері.

      5. Тұрғын үй комиссиясын уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады.

      Орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын жауапты хатшы немесе Жарлықтың 3-тармағына сәйкес оның міндетін атқарушы тұлға басқарады.

      Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары басқарады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тұрғын үй комиссиясы, отырысты қажеттілігіне қарай өткізетін орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, отырысты айына кемінде бір рет өткізеді.";

      9-тармақ алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тұрғын үй комиссиясы хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тұрғын үй комиссиясының шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелердің үштен екісі қабылдаса, заңды.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек