О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2010 года № 113 "Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 264. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2017 года № 15408.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2010 года № 113 "Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6283, опубликованный 13 ноября 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 310-311 (26371-26372) следующее изменение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 2) статьи 12 и пунктом 3 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" ПРИКАЗЫВАЮ:".

      2. Комитету по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках на официальное опубликование в периодические печатные издания, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
Т.Сулейменов

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 15408 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 13 қарашада № 310–311 (26371–26372) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына және 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ, ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице–министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов