Об утверждении Правил исчисления, условий действия плавающей ставки вознаграждения

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 119. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 августа 2017 года № 15460.

      В целях реализации статьи 39 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1.Утвердить прилагаемые Правила исчисления, условия действия плавающей ставки вознаграждения.

      2. Признать утратившим силу постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 216 "Об утверждении Правил исчисления, условий действия плавающей ставки вознаграждения по договорам банковского займа" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5475, опубликованное 18 февраля 2009 года в газете "Юридическая газета" № 25 (1622).

      3. Департаменту методологии финансового рынка (Абдрахманов Н.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Председатель
Национального Банка
Д. Акишев

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 30 июня 2017 года № 119

Правила
исчисления, условия действия плавающей ставки вознаграждения

      1. Настоящие Правила исчисления, условия действия плавающей ставки вознаграждения (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 39 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" и определяют порядок исчисления и условия действия плавающей ставки вознаграждения по договорам банковского займа, в том числе по договорам ипотечных займов, заключаемым с физическими лицами (далее – договор), для банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций (далее – банк).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 17.02.2021 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Плавающая ставка вознаграждения определяется как сумма базового показателя и ставки процентного спрэда, в номинальной величине, исчисляемой в процентных пунктах (далее – процентный спрэд).

      3. В качестве базового показателя используются:

      по договорам, заключенным в тенге – базовая ставка, устанавливаемая Национальным Банком Республики Казахстан;

      по договорам, заключенным в российских рублях – ключевая ставка, устанавливаемая Центральным банком Российской Федерации;

      по договорам, заключенным в долларах США – верхняя граница диапазона ставки по федеральным фондам, устанавливаемая Федеральной Резервной Системой США;

      по договорам, заключенным в евро – процентная ставка по основным операциям рефинансирования, устанавливаемая Европейским Центральным Банком.

      4. Ставка процентного спрэда представляет собой фиксированное значение, устанавливаемое банком при заключении договора, и изменению не подлежит, за исключением случаев ее изменения в сторону уменьшения банком.

      5. В период действия договора банк пересматривает плавающую ставку вознаграждения не более двух раз в год, и не ранее шести месяцев с даты последнего пересмотра значения плавающей ставки.

      6. Предельное значение, на которое плавающая ставка вознаграждения может быть увеличена при очередном пересмотре, определяется сторонами договора при его заключении и увеличению не подлежит.

      7. Банк не позднее 30 (тридцати) календарных дней до наступления очередных платежей по договору уведомляет заемщика способом, предусмотренным договором, об изменении плавающей ставки, о размерах очередных платежей с указанием сумм погашения основного долга, вознаграждения, остатках основного долга на дату следующего погашения, общих итоговых суммах основного долга и вознаграждения, подлежащих выплате, и их суммарное значение.

      8. Погашение вознаграждения по займу осуществляется в соответствии с установленной банком на дату погашения плавающей ставкой вознаграждения.

      9. Порядок исчисления, условия действия плавающей ставки вознаграждения по договорам, заключенным до введения в действие настоящего постановления, определяются в соответствии с их условиями.

      10. По заявлению заемщика условия договора, заключенного до введения в действие Правил, пересматриваются банком с учетом положений настоящих Правил в течение 30 (тридцати) календарных дней со дня обращения.

Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, оның қолданылу шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 119 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15460 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары бекітілсін.

      2. "Банктік заем шарты бойынша өзгермелі сыйақы ставкасын есептеу, қолдану талаптарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 216 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5475 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 ақпанда "Заң газеті" газетінде № 25 (1448) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 119 қаулысымен
бекітілген

Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары

      1. Осы Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес әзірленді және банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде жеке тұлғалармен жасалатын ипотекалық қарыз шарттары (бұдан әрі – шарт) бойынша екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банк) үшін сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін және оның қолданылу шарттарын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесі базалық көрсеткіштің және пайыздық тармақтармен есептелетін номиналды шамада пайыздық спрэд (бұдан әрі – пайыздық спрэд) мөлшерлемесінің сомасы ретінде айқындалады.

      3. Базалық көрсеткіш ретінде:

      теңгемен жасалған шарттар бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлеме;

      Ресей рублімен жасалған шарттар бойынша – Ресей Федерациясының Орталық банкі белгілейтін негізгі мөлшерлеме;

      АҚШ долларымен жасалған шарттар бойынша – АҚШ Федералдық Резервтік Жүйесі белгілейтін федералдық қорлар бойынша мөлшерлеме диапазонының жоғарғы шекарасы;

      еуромен жасалған шарттар бойынша – Еуропа Орталық Банкі белгілейтін негізгі қайта қаржыландыру операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеме пайдаланылады.

      4. Пайыздық спрэд мөлшерлемесі банктің шартты жасаған кезде белгілейтін тіркелген мәнін білдіреді және банктің оны азайту жағына қарай өзгерту жағдайларын қоспағанда, өзгертілуге жатпайды.

      5. Шарттың қолданылу кезеңінде банк сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін жылына екі реттен көп емес, және құбылмалы мөлшерлеме мәнін соңғы рет қайта қараған күннен бастап алты айдан ерте емес қайта қарайды.

      Банк сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерткен жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігі қолданылмайды.

      6. Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесі кезекті қайта қарау кезінде ұлғайтылуы мүмкін шекті мәнді шарттың тараптары оны жасаған кезде айқындайды.

      7. Банк шарт бойынша кезекті төлемдер басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей шартта көзделген тәсілмен қарыз алушыны құбылмалы мөлшерлеменің өзгеруі, негізгі борышты, сыйақыны өтеу сомаларын көрсете отырып кезекті төлемдердің мөлшері туралы, келесі өтеу күніне негізгі борыштың қалдықтары, төленуге жататын негізгі борыш пен сыйақының жалпы қорытынды сомалары туралы және олардың жиынтық мәні туралы хабардар етеді.

      8. Қарыз бойынша сыйақыны өтеу банктің өтеу күніне белгілеген сыйақының құбылмалы мөлшерлемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттар бойынша құбылмалы мөлшерлемені есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары олардың талаптарына сәйкес айқындалады.

      10. Қарыз алушының өтініші бойынша осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттың талаптарын банк өтініш жасаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып қайта қарайды.