Об утверждении Методики учета услуг страхования

Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 114. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 сентября 2017 года № 15627.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" и подпунктом 258) пункта 17 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику учета услуг страхования.

      2. Управлению национальных счетов совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в переодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Керимханова Г.М.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
по статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Айдапкелов

  Утверждена
приказом Председателя
Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
от 4 августа 2017 года
№ 114

Методика учета услуг страхования

Глава 1. Общие положения

      1. Методика учета услуг страхования (далее - Методика) относится к статистической методологии, формируемой в соответствии c международными стандартами и утверждаемой в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике".

      2. Настоящая Методика предназначена для использования Комитетом по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан при формировании услуг страхования согласно международным стандартам и применяется для целей Системы национальных счетов.

      3. Целью настоящей Методики является совершенствование расчетов услуг страхования в соответствии с конъюнктурой рынка, последними достижениями методологических исследований.

      4. В настоящей Методике используются следующие определения:

      1) граница сферы производства - деятельность, осуществляемая под контролем и ответственностью институциональной единицы, которая использует затраты труда, капитала и товары и услуги для производства других товаров и услуг;

      2) страховая премия - страховая премия по договору страхования (перестрахования), признанная в бухгалтерском учете в качестве дохода.

Глава 2. Учет услуг страхования

      5. Страховая деятельность страховой организации осуществляется по отрасли "страхование жизни" и отрасли "общее страхование":

      1) При формировании выпуска услуг "общего страхования" исчисление осуществляется следующим образом:

      заработанные страховые премии;

      плюс дополнения к премиям;

      минус скорректированные страховые возмещения, подлежащие выплате.

      2) Страхование жизни представляет собой совокупность видов страхования, предусматривающих осуществление страховой выплаты в случаях смерти застрахованного или дожития им до окончания срока страхования либо определенного договором страхования возраста.

      При формировании выпуска услуг "страхования жизни" исчисление осуществляется следующим образом:

      заработанные страховые премии;

      плюс дополнения к премиям;

      минус страховые выплаты, срок по которым наступил;

      минус увеличение (плюс уменьшение) технических резервов по страхованию жизни.

      6. В качестве источника данных при расчетах выпуска и промежуточного потребления услуг страхования используются административные данные из административных источников.

      7. Выпуск представляет суммарную стоимость товаров и услуг, произведенных в экономике в отчетном периоде.

      Выпуск услуг страхования основывается на финансовом результате страховых организаций. Финансовый результат от страховых операций определяется как разница между доходами и расходами страховых организаций.

      8. Промежуточное потребление равно стоимости товаров и услуг, которые трансформируются или полностью потребляются в процессе производства в отчетном периоде.

      9. Выпуском услуг "страхования жизни" являются расходы домашних хозяйств на конечное потребление.

      10. Выпуск услуг страхования рисков рассчитывается следующим образом:

      выпуск услуг "общего страхования";

      минус выпуск услуг "страхования жизни".

      При определении потребителей данной услуги и дальнейшего их отражения в счетах выпуск услуг страхования рисков распределяется согласно структуре чистых страховых премий по физическим и юридическим лицам (по видам экономической деятельности).

      11. Выпуск услуг страхования рисков, потребленный юридическими лицами является промежуточным потреблением, а физическими лицами - расходами домашних хозяйств на конечное потребление, за исключением страхования недвижимости. Жилищные услуги, произведенные владельцами жилищ для собственного потребления входят в границы сферы производства системы национальных счетов. Выпуск услуг страхования недвижимости является промежуточным потреблением домашних хозяйств, который не включается в расходы на конечное потребление.

Сақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте № 15627 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемеcі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 114 бұйрығымен
бекітілді

Сақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес сақтандыру қызметтерін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің пайдалануына арналған және Ұлттық шоттар жүйесінің мақсаттары үшін қолданылады.

      3. Осы Әдістеменің мақсаты нарық конъюнктурасына, әдіснамалық зерттеулердің соңғы жетістіктеріне сәйкес сақтандыру қызметтерінің есептеулерін жетілдіру болып табылады.

      4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) өндіріс аясының шегі - басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін еңбек шығындарын, капиталды және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын институционалдық бірліктің бақылауы мен жауапкершілігінде жүзеге асырылатын қызмет;

      2) сақтандыру сыйлықақысы - бухгалтерлік есепте кіріс ретінде танылған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы.

2-тарау. Сақтандыру қызметтерін есепке алу

      5. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады:

      1) "Жалпы сақтандыру" қызметтерінің шығарылымын қалыптастыру кезінде есептеу мынадай үлгіде:

      Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларына;

      сыйлықақыларға қосымшаларды қосу;

      одан төлеуге жататын түзетілген сақтандыру өтемдерін шегерумен жүзеге асырылады.

      2) Өмiрдi сақтандыру сақтандырылған адам қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

      "Өмірді сақтандыру" қызметтерінің шығарылымын қалыптастыру кезінде есептеу мынадай үлгіде:

      еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларына;

      сыйлықақыларға қосымшаларды қосу;

      одан мерзімі келген сақтандыру төлемдерін шегеру;

      өмірді сақтандыру бойынша техникалық резервтердің өсуін шегерумен (азаюын қосумен) жүзеге асырылады.

      6. Сақтандыру қызметтерінің шығарылымын және аралық тұтынуын есептеу кезінде деректер көзі ретінде әкімшілік дереккөздерден әкімшілік деректер пайдаланылады.

      7. Шығарылым есепті кезеңде экономикада өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құнын білдіреді.

      Сақтандыру қызметтерінің шығарылымы сақтандыру ұйымдарының қаржылық нәтижесіне негізделеді. Сақтандыру операцияларынан қаржылық нәтиже сақтандыру ұйымдарының кірістері мен шығыстары арасындағы айырма ретінде анықталады.

      8. Аралық тұтыну есепті кезеңде өндіріс процесінде түрленетін немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құнына тең.

      9. "Өмірді сақтандыру" қызметтерінің шығарылымы үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстары болып табылады.

      10. Тәуекелдерді сақтандыру қызметтерінің шығарылымы мынадай үлгіде:

      "жалпы сақтандыру" қызметтерінің шығарылымынан;

      "өмірді сақтандыру" қызметтерінің шығарылымын шегерумен есептеледі.

      Осы қызметтің тұтынушыларын анықтау және одан әрі оларды шоттарда көрсету кезінде тәуекелдерді сақтандыру қызметтерінің шығарылымы жеке және заңды тұлғалар бойынша (экономикалық қызмет түрлері бойынша) таза сақтандыру сыйлықақыларының құрылымына сәйкес бөлінеді.

      11. Заңды тұлғалармен тұтынылған тәуекелдерді сақтандыру қызметтерінің шығарылымы аралық тұтыну, ал жеке тұлғалармен - жылжымайтын мүлікті сақтандыруды қоспағанда, үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстары болып табылады. Өзі тұтынуы үшін тұрғын үй иелері жүргізген тұрғын үй қызметтері ұлттық шоттар жүйесінің өндіріс аясы шегіне кіреді. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру қызметтерінің шығарылымы түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстарға қосылмайтын үй шаруашылықтарының аралық тұтынуы болып табылады.