О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 30 апреля 2015 года № 239 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов"

Приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарат Верховного Суда Республики Казахстан) от 22 ноября 2017 года № 6001-17-7-6/389. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2017 года № 16135. Утратил силу приказом Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 13 апреля 2020 года № 13

      Сноска. Утратил силу приказом Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде РК (аппарата Верховного Суда РК) от 13.04.2020 № 13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 30 апреля 2015 года № 239 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11584, опубликован 23 июля 2015 года в информационно – правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в стандарте государственной услуги "Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов", утвержденном указанным приказом:

      часть первую пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Государственная услуга оказывается Департаментом по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппаратом Верховного Суда Республики Казахстан), территориальными органами в областях, городах Астане и Алматы (далее - услугодатель).";

      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "1) с момента сдачи пакета документов:

      услугодателю – 1 (один) рабочий день;

      в отделы филиалов Государственной корпорации, расположенные в областях, городах Астане и Алматы - 1 (один) рабочий день;

      в другие отделы филиалов Государственной корпорации - 5 (пять) рабочих дней;

      День приема документов не входит в срок оказания государственной услуги;";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Результат оказания государственной услуги: документ с проставленным апостилем - специальным штампом, удостоверяющим подлинность подписи лица и подтверждающим его полномочия, а также подлинность печати или штампа, которыми скреплен этот документ или мотивированный отказ в оказании государственной услуги.";

      дополнить пунктом 15-1 следующего содержания:

      "15-1.Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие представленных материалов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям Единых правил о порядке и условиях проставления апостиля на официальных документах, исходящих из государственных органов, а также от нотариусов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 4 июня 2001 года № 67 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1536) и настоящего Стандарта";

      подпункт 2) пункта 24 изложить в следующей редакции:

      "2) Государственной корпорации: www.gov4с.kz.".

      2. Отделу организационно-правового обеспечения деятельности местных судов и канцелярий в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Департамента
по обеспечению деятельности судов
при Верховном Суде
Республики Казахстан
(аппарата Верховного
Суда Республики Казахстан)
Н.Шарипов

      "СОГЛАСОВАН"
      Министр информации и коммуникаций
      Республики Казахстан
      ___________ Д. Абаев
      27 ноября 2017 г.

      "СОГЛАСОВАН"
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ___________ Т. Сулейменов
      11 декабря 2017 г.

"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6001-17-7-6/389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16135 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 13.04.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11584 болып тіркелген, 2015 жылдың 23 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармағының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      4-тармағының 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

      көрсетілетін қызметті берушіге - 1 (бір) жұмыс күні;

      облыстар, Алматы және Астана қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 1 (бip) жұмыс күні;

      басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 5 (бес) жұмыс күн;

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді;";

      6-тармағының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден мынадай негіздермен бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірыңғай қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1536 болып тіркелген) және осы Стандарттың талаптарына сәйкес келмеуі.";

      24-тармағының 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация: www.gov4с.kz.".

      2. Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты аппаратының) Басшысы
Н. Шәріпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ______________ Д. Абаев

      27 қараша 2017жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      11 желтоқсан 2017 жыл