О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 5 февраля 2010 года № 129 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы"

Решение маслихата Байганинского района Актюбинской области от 15 марта 2017 года № 64. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 10 апреля 2017 года № 5418. Утратило силу решением маслихата Байганинского района Актюбинской области от 12 марта 2018 года № 143

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Байганинского района Актюбинской области от 12.03.2018 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогооблажения", Байганинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Байганинского районного маслихата на казахском языке от 5 февраля 2010 года № 129 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-4-94, опубликованное 12 марта 2010 года в районной газете "Жем-Сағыз") следующие изменения:

      в заголовке, тексте и в приложении указанного решения на казахском языке слова "ставкаларын", "ставкалар", "ставкалары", "ставкаларының", "1 Қосымша", "үтелі" заменить словами "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелер", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің", "қосымша", "үстелі".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого офицального опубликования.

      Председатель сессии
Байганинского районного
маслихата
Секретарь Байганинского районного маслихата
      С. Жұбан Б. Турлыбаев

Байғанин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 129 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 64 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 5418 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 143 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 143 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2010 жылғы 5 ақпандағы № 129 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-94 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурызда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы, мәтініндегі және қосымшадағы "ставкаларын", "ставкалар", "ставкалары", "ставкаларының", "1 Қосымша", "үтелі" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелер", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің", "қосымша", "үстелі" сөздерімен ауыстырылсын;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы
      С. Жұбан Б. Турлыбаев