Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 143 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің атауында, бүкіл мәтін бойынша және қосымшада "ставкаларын", "ставкалар", "ставкалары", "ставкаларының", "1 Қосымша", "үтелі" деген сөздер "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелер", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің", "қосымша", "үстелі" сөздермен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 15.03.2017 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 – ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде салық төлеушілер үшін Байғанин ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2009 жылғы 24 сәуірдегі "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" № 91 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 20 мамырдағы № 3-4-76 санымен тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы № 24 "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Жұмағазы |
Мәслихат хатшысы | Б. Турлыбаев |
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 ақпандағы № 129 шешіміне қосымша |
Байғанин ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық мөлшерлемелерінің мөлшері
р/с | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |