О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 30 января 2009 года № 69 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы"

Решение маслихата Иргизского района Актюбинской области от 20 февраля 2017 года № 65. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 7 марта 2017 года № 5292. Утратило силу решением маслихата Иргизского района Актюбинской области от 5 марта 2018 года № 133

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Иргизского района Актюбинской области от 05.03.2018 № 133 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 6, 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 422 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Иргизского районного маслихата на казахском языке от 30 января 2009 года № 69 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-5-89, опубликованное 17 февраля 2009 года в районной газете "Ырғыз") следующие изменения и дополнение:

      в преамбуле решения на казахском языке после слова "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" дополнить словами "және өзін-өзі басқару";

      в заголовке, в тексте и в приложении указанного решения на казахском языке слова "ставкаларын", "ставкаларының" заменить словами "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелерінің".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого офицального опубликования.

      Председатель сессии районного маслихата К. Булек
      Секретарь районного маслихата К. Косаяков

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 69 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 65 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 наурызда № 5292 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 69 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-89 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпандағы аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" сөзінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөзімен толықтырылсын;

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, мәтінінде және қосымшасында "ставкаларын", "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Қ. Бөлек
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Қосаяқов