Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 20.02.2017 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің мәтінінде және қосымшасында "ставкаларын", "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 20.02.2017 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 20.02.2017 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Ырғыз ауданы бойынша тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың (Ырғыз ауданының әділет басқармасында 2008 жыл 20 қарашада N 3-5-81 болып тіркелген, 2008 жылғы 2 желтоқсанда "Ырғыз" газетінің N 50 санында жарияланған) 2008 жылғы 15 қазандағы N 51 "Қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставкасын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Н. Сәрсенбайұлы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | М. Өтемұратов |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 69 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері
N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (АЕК) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |