Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Постановление акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 20 декабря 2017 года № 482. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 27 декабря 2017 года № 5772.

      В соответствии с подпунктом 22) статьи 18 и со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Мугалжарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Сагирову Д.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Е.Данагулов

  Утверждены
постановлением акимата
Мугалжарского района
от 20 декабря 2017 года
№ 482

Правила использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

      Настоящие Правила использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 246 Гражданского Кодекса Республики Казахстан, подпунктом 22) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

1. Общее положение

      1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) животные – сельскохозяйственные и домашние животные;

      2) безнадзорные животные – животные, имеющие собственника и временно выбывшие из его владения (попечения), не имеющие собственника либо собственник которых неизвестен, а также домашние животные, от права собственности на которых собственник отказался;

      3) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении животное;

      4) местный исполнительный орган - исполнительный государственный орган, финансируемый из местного бюджета, уполномоченный на осуществление функций в области сельского хозяйства и ветеринарии;

      5) уполномоченный орган – исполнительный государственный орган, финансируемый из местного бюджета, уполномоченный управлять коммунальной собственностью района.

2. Использование безнадзорных животных

      2. Лицо, задержавшее безнадзорный или пригульный скот и других домашних или прирученных животных, обязан возвратить их собственнику.

      Если собственник или его местопребывание неизвестны, лица, задержавшие безнадзорных животных, не позднее трех дней с момента такого задержания должны письменно заявить об обнаруженных животных в органы внутренних дел или в местные исполнительные органы, которые принимают меры к розыску собственника.

      3. На период розыска собственника животных они могут быть оставлены лицом, задержавшим животных, у него на содержании и в пользовании, либо сданы им на содержание и в пользование другому лицу, имеющему необходимые условия для этого. По просьбе лица, задержавшего животных, подыскание лица, имеющего необходимые условия для их содержания и пользования, и передачу им животных осуществляет местный исполнительный орган.

      4. Лицо, задержавшее животных, и лицо, которому они переданы на содержание и в пользование, отвечают за гибель и порчу животных лишь при наличии вины и в пределах стоимости этих животных.

      5. В случае возврата животных собственнику, лицо, задержавшее животных, и лицо, у которого они находились на содержании и в пользовании, имеют право получить от этого собственника возмещение своих расходов, связанных с содержанием животных, с зачетом выгод, извлеченных от пользования животными.

      6. Нашедший безнадзорное или пригульный скот и других домашних животных имеет право на получение вознаграждения от собственника данного имущества согласно пункту 6 статьи 245 Гражданского Кодекса Республики Казахстан.

3. Возникновения права государственной собственности за безнадзорными животными

      7. При отказе лица, у которого находились на содержании и в пользовании безнадзорные животные, от приобретения в собственность содержавшихся у него животных они поступают в районную коммунальную собственность и используются в порядке, определяемом Постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям".

      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 09.10.2019 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В случае явки прежнего собственника животных после их перехода в государственную собственность прежний собственник вправе при наличии обстоятельств, свидетельствующих о сохранении к нему привязанности со стороны этих животных или о жестоком либо ином ненадлежащем обращении с ними нового собственника, требовать их возврата ему на условиях, определяемых по соглашению с соответствующими местными исполнительными органами районов, городов областного значения, а при недостижении согласия - в судебном порядке.

      9. Если в течение шести месяцев с момента заявления о задержании крупного рогатого скота и двух месяцев - других домашних животных, их собственник не будет обнаружен и не заявит о своем праве на них, право собственности на этих животных переходит к лицу, у которого они находились на содержании и в пользовании.

4. Заключительные положения

      10. Расходы, связанные с учетом, хранением, оценкой и продажей безнадзорных животных, возмещаются из средств местного бюджета согласно Бюджетному Кодексу Республики Казахстан.

      11. Средства, вырученные от продажи безнадзорных животных, подлежат в течение пяти рабочих дней перечислению в местный бюджет, если иное не установлено законадательством Республики Казахстан.

      12. В случае отмены судом акта, послужившего основанием для принятия безнадзорного животного в коммунальную собственность, уполномоченный орган возвращает безнадзорное животное прежнему владельцу.

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 482 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 5772 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың пайдалану Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д.Сағыровқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Е.Данағұлов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 482 қаулысымен
бекітілді

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидалары

      Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 22) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жануарлар – ауыл шаруашылығы және үй жануарлары;

      2) иесіз жануарлар – иелері бар, және уақытша олардың иелігінен (қамқорлығынан) шыққан, иелері жоқ немесе иелері белгісіз, сонымен қатар иесі оларға меншік құқығынан бас тартқан жануарлар;

      3) жануардың иесі – меншігінде немесе өзгеше иелігінде жануары бар жеке немесе заңды тұлға;

      4) жергілікті атқарушы орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы функцияларды іске асыруға уәкілетті жергілікті мемлекеттік атқарушы орган;

      5) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауданның коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті мемлекеттік атқарушы орган.

2. Иесіз жануарларды пайдалану

      2. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруы міндетті.

      Егер меншік иесі немесе оның тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстап алған тұлға ұсталған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы меншік иесін іздестіру шараларын қабылдау үшін iшкi iстер органдарына немесе жергілікті атқарушы органдарға жазбаша түрде мәлімдеуі тиіс.

      3. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы немесе оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      4. Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуы және пайдалануына берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны шегінде жауапты болады.

      5. Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарлады бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.

      6. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 245 бабының 6 тармағына сәйкес сыйақы алуға құқылы.

3. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығының пайда болуы

      7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады".

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 09.10.2019 № 398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Жануарлар мемлекет меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде – ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

      9. Егер iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.

4. Қорытынды ережелер

      10. Қараусыз жануарларды есепке алу, сақтау, бағалау және сатуды ұйымдастыруға байланысты шығындар Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.

      11. Қараусыз жануарларды сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджетке аударылады.

      12. Қараусыз жануарларды коммуналдық меншікке қабылдау үшін негіз болған актінің сотпен күші жойылған жағдайда, уәкілетті орган қараусыз жануарды бұрынғы иесіне қайтарады.