О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 января 2009 года № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы"

Решение маслихата Шалкарского района Актюбинской области от 17 февраля 2017 года № 84. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 14 марта 2017 года № 5321. Утратило силу решением маслихата Шалкарского района Актюбинской области от 27 марта 2018 года № 202

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Шалкарского района Актюбинской области от 27.03.2018 № 202 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан, статьей 422 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение на казахском языке Шалкарского районного маслихата от 30 января 2009 года № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-13-96, опубликованное 18 февраля 2009 года в газете "Шалқар") следующие изменения:

      в заголовке, тексте и в приложении 1 к указанному решению слова "ставкасын", "ставкасы", "ставкалары", "№1 қосымшаға", "1 қосымша" заменить словами "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі", "мөлшерлемелері", "қосымшаға", "қосымша".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Шалкарского районного маслихата,
Секретарь
Шалкарского районного маслихата
С. Бигеев

Шалқар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 84 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 5321 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 202 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-96 тіркелген, 2009 жылы 18 ақпандағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауында, мәтінінде және 1 қосымшасындағы "ставкасын", "ставкасы", "ставкалары", "№ 1 қосымшаға", "1 қосымша" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі", "мөлшерлемелері", "қосымшаға" және "қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Шалқар аудандық мәслихатының
хатшысы
С. Бигеев