Тіркелген салық мөлшерлемесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 103 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 12 ақпанда N 3-13-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 202 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауында, мәтінінде және 1 қосымшасындағы "ставкасын", "ставкасы", "ставкалары", "№ 1 қосымшаға", "1 қосымша" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі", "мөлшерлемелері", "қосымшаға" және "қосымша" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Тіркелген салық мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2009.04.24 N 132 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз).

      2. "Қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық мөлшерлемесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 24 шешімінің (Шалқар аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 15 қаңтарда N 3-13-76 санымен тіркелген) күші жойылсын.

      3. Осы шешім Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялан- ғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы:
С. Тулемисов

  Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы кезекті кеңейтілген он екінші сессиясының N 103 шешіміне қосымша

Шалқар ауданы бойынша тіркелген салықтың мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012.04.25 № 23 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

р/с

Сатылатын тауарлар түрі

Бір күнге бір жолғы талон құны (теңге)

1

Бильярд үстелі

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

      Ескерту: Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады