О внесении изменения в решение акима Шетиргизского сельского округа Шалкарского района от 13 марта 2009 года № 4 "Көшелерге атау беру туралы"

Решение акима Шетиргизского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области от 13 марта 2017 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 6 апреля 2017 года № 5409

      В соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года "О внесений изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм способствующих совершению коррупционных правонарушений", со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", аким Шетиргизского сельского округа Шалкарского района РЕШИЛ:
      1. Внести в решение акима Шетиргизского сельского округа Шалкарского района на казахском языке от 13 марта 2009 года № 4 "Көшелерге атау беру туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-13-101, опубликованное 1 апреля 2009 года в районной газете "Шалқар") следующее изменение:
      в реквизитах указанного решения на казахском языке слово "селолық" заменить соответственно словом "ауылдық".
      2. Настоящие решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Шетиргизского сельского округа Табынбеков Ж.

Шалқар ауданының Шетырғыз селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 5409 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданының Шетырғыз селолық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-101 тіркелген, 2009 жылғы 1 сәуірде аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шетырғыз ауылдық округінің әкімі Ж. Табынбеков