Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 4 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 19 наурызында N 3-13-101 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 24.11.2014 № 06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 13.02.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4-тармақшасына және 16-бабына, сәйкес Шетырғыз ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 24.11.2014 № 06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Шетырғыз ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Қаратоғай. Тұмалыкөл, Т.Ахтан ауылының көшелеріне атау берілсін. Қаратоғай елді мекен бойынша
      1) "Смағұл Маманов" көшесі Социалистік Еңбек Ері жылқышы жерлесіміз
      2) "8 март" көшесі
      3) "Төлеу Құлшаманұлы Бәсенов" көшесі КСРО Архитектура Академиясының корреспондент мүшесі
      4) "Ідіріс Үргенішбаев" көшесі Кеңес Одағының батыры.
      2. Тұмалыкөл елді мекені бойынша
      1) "Мектеп" көшесі
      2) "Желтоқсан" көшесі
      3) "Тәуелсіздік" көшесі
      4) "Достық" көшесі
      3. Т.Ахтан елді мекені бойынша
      1) "Мектеп" көшесі
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бас тап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шетырғыз ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы:
Б. Алмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады