Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Решение Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 8 декабря 2017 года № 149. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 13 декабря 2017 года № 6068. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 28 декабря 2021 года № 110

      Сноска. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 28.12.2021 № 110 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года "Экологический кодекс Республики Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Сырдарьинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила управления бесхозяйными отходами признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной 16
сессии районного маслихата:
Ж. Налибаева
      Секретарь районного маслихата: Е. Ажикенов

  Утверждены решением Сырдарьинского районного маслихата от 08 декабря 2017 года № 149

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

1. Общие положения

      1. Настоящие правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется акиматом Сырдарьинского района (далее - акимат).

      4. Для целей управления отходами акимат создается комиссия из представителей заинтересованных структурных подразделений (далее - Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется исполнительный орган является коммунальное государственное учреждение "Сырдарьинский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" (далее – отдел).

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 149 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 6068 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 110 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.12.2021 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының 3)-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс 16 сессиясының төрағасы:
Ж.Налибаева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Е.Әжікенов

  Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 08 желтоқсандағы № 149 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5)-тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Сырдария ауданының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында әкімдік мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі - бөлім) табылады.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін

      қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.