О внесении изменений в совместное решение Жанаозенского городского маслихата от 17 ноября 2007 года № 3/16 и постановление акимата города Жанаозен от 27 ноября 2007 года № 5464 "Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы"

Решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 3 марта 2017 года № 9/117 и постановление акимата города Жанаозен Мангистауской области от 27 февраля 2017 года № 101. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 14 апреля 2017 года № 3332

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Жанаозен ПОСТАНОВЛЯЕТ и Жанаозенский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в совместное решение Жанаозенского городского маслихата от 17 ноября 2007 года № 3/16 и постановление акимата города Жанаозен от 27 ноября 2007 года № 5464 "Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №11-2-66, опубликовано в газете "Жанаозен" от 23 января 2008 года № 4) следующие изменения:
      в преамбулу и в пункт 1 и 2 указанного совместного решения и постановления внесены изменения.
       2. Контроль за исполнением настоящего совместного решения и постановления возложить на постоянную комиссию Жанаозенского городского маслихата по вопросам социально-экономическое развития, бюджета, строительства, промышленности, жилищное и коммунальное хозяйства, транспорта и предпринимательства (председатель комиссии Утеев Е.) и заместителю акима города Жанаозен (Сейдалиев С.).
      3. Государственному учреждению "Аппарат Жанаозенского городского маслихата" (руководитель аппарата Ермуханов А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего совместного решения и постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.
      4. Настоящее совместное решение и постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Абилов Е
      Председатель сессии,
      секретарь городского маслихата Мынбай С.

      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного учреждения
      "Жанаозенский городской отдел культуры
      и развития языков"
      У.Орынбаева
      "3" март 2017 год

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 17 қарашадағы № 3/16 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5464 "Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы" бірлескен шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/117 шешімі мен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 101 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 3332 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 17 қарашадағы № 3/16 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5464 "Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы" бірлескен шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-2-66 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 4 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бірлескен шешім мен қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қала халқының Арай, Астана шағын аудандарының, Рахат ауылының аумақтарын бірнеше шағын аудандарға бөлу және оларға жаңадан пайда болған көшелерге ат қою туралы талаптарын (пікірлерін), қалалық ономастикалық комиссиясының осы мәселелер жөніндегі ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      1 тармақта:
      бірінші сөйлем жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Арай, Астана шағын аудандарының және Рахат ауылының аумақтарын бірнеше шағын аудандарға бөліп, оларға төмендегідей атаулар берілсін және кейбір шағын аудан атауына өзгерістер енгізілсін:";
      бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
      "солтүстігі Жаңаөзен қаласының әуе жайына баратын автокөлік жолы, оңтүстігі Құланды ауылына баратын жол, батысы Рахат шағын ауданы, шығысы Мерей шағын ауданымен шектелетін аудан – Ақсу шағын ауданы;
      солтүстігі Құланды ауылына баратын жол, оңтүстігі жоғарғы қысымды газ құбыры, батысы "Теміртас" аймағы, шығысы газ компрессор базасына баратын жолмен шектелетін аудан – Жұлдыз шағын ауданы;
      солтүстігі Жаңаөзен қаласының әуе жайына баратын автокөлік жолы, оңтүстігі Құланды ауылына баратын жол, батысы Ақсу шағын ауданы, шығысы
      газ компрессор базасына баратын жолмен шектелетін аудан – Мерей шағын ауданы болып табылады.";
      2 тармақта:
      1 абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "Арай және Мамыр шағын ауданы аралығындағы "Болашақ" жанар - жағар май бекетінен бастап Теңге ауылындағы темір жол қиылысына дейінгі көше – Нәсіпқали Марабаев көшесі болып аталсын.";
      "Рахат" шағын ауданы бойынша:" деген сөйлем жаңа редакцияда жазылсын:
      "Рахат" ауылы бойынша:".
      2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Е.Өтеев) және Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасарына (С.Сейдалиев) жүктелсін.  
      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы бірлескен шешім мен қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е.Әбілов
      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы С. Мыңбай

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жаңаөзен қалалық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ұ.Орынбаева
      "3" наурыз 2017 жыл