Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қала халқының Арай, Астана шағын аудандарының, Рахат ауылының аумақтарын бірнеше шағын аудандарға бөлу және оларға жаңадан пайда болған көшелерге ат қою туралы талаптарын (пікірлерін), қалалық ономастикалық комиссиясының осы мәселелер жөніндегі ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 03.03.2017 № 9/117 шешімі мен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.02.2017 № 101 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Арай, Астана шағын аудандарының және Рахат ауылының аумақтарын бірнеше шағын аудандарға бөліп, оларға төмендегідей атаулар берілсін және кейбір шағын аудан атауына өзгерістер енгізілсін:
Солтүстік жағы "Болашақ" жанар-жағар май бекеті, батыс жағы газ өңдеу зауытына баратын темір жол аймағы, шығыс жағы Ақтау-Кендірлі автокөлік жолымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Арай-2 шағынауданы)- Мамыр шағынауданы;
солтүстік жағы "Энергомұнай" базасына баратын автокөлік жолы, батыс жағы "Болашақ" жанар-жағар май бекеті, оңтүстігі "Гүларша" жанар-жағар май бекеті, шығысы Мұнайлы шағынауданымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Арай-3 шағынауданы)-Бостандық шағынауданы;
шығыс жағы Қашаған көшесі, солтүстігі Т.Алдашев көшесі, батысы Мамыр шағынауданы, оңтүстігі темір-жол стансасымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Арай-4 шағынауданы)- Ақбұлақ шағынауданы;
солтүстігі Астана шағынауданы, оңтүстігі өндірістік базаға баратын теміржол, батысы № 5 гимназия мектебі, шығыс жағы "Өзенинвест" МКҚК-на баратын автокөлік жолымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Астана-2 шағынауданы)- Бәйтерек шағынауданы;
"солтүстігі Жаңаөзен қаласының әуе жайына баратын автокөлік жолы, оңтүстігі Құланды ауылына баратын жол, батысы Рахат шағын ауданы, шығысы Мерей шағын ауданымен шектелетін аудан – Ақсу шағын ауданы;
солтүстігі Құланды ауылына баратын жол, оңтүстігі жоғарғы қысымды газ құбыры, батысы "Теміртас" аймағы, шығысы газ компрессор базасына баратын жолмен шектелетін аудан – Жұлдыз шағын ауданы;
солтүстігі Жаңаөзен қаласының әуе жайына баратын автокөлік жолы, оңтүстігі Құланды ауылына баратын жол, батысы Ақсу шағын ауданы, шығысы газ компрессор базасына баратын жолмен шектелетін аудан – Мерей шағын ауданы болып табылады;
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 03.03.2017 № 9/117 шешімі мен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.02.2017 № 101 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Жаңадан пайда болған көшелерге, (бұған дейін нөмірленіп келген) төмендегідей аттар берілсін және кейбір көшелер аттарына өзгерістер енгізілсін:
"Арай және Мамыр шағын ауданы аралығындағы "Болашақ" жанар - жағар май бекетінен бастап Теңге ауылындағы темір жол қиылысына дейінгі көше – Нәсіпқали Марабаев көшесі болып аталсын.
"Бостандық" шағынауданы бойынша:
№ 19 көшеге –Асау Барақ
№ 20 көшеге –Сәлім Салахиев
№ 21 көшеге –Шыңғыс Қожаев
№ 22 көшеге –Фани Қатпашев
№ 24 көшеге – Орынғали Нұрмағанбетов
"Рахат" ауылы бойынша:
Жаңаөзен қаласының нан зауыты жанындағы жол қиылысынан бастап қала әуежайына дейінгі көше- Өтеп Балғымбаев көшесі болып аталсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 03.03.2017 № 9/117 шешімі мен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.02.2017 № 101 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Жаңадан аталған шағынаудандар және көшелер аттарын жаздыртып қою қала әкіміне тапсырылсын.
4. Осы шешім және қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т.Мусаев |
Қала әкімі | Ж.Бабаханов |
Қалалық Мәслихат хатшысы | М.Сарыев |