Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" и его описания

Решение Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 24 февраля 2017 года № 7/122. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 5 апреля 2017 года № 3316. Утратило силу решением Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 8 октября 2020 года № 58/522

      Сноска. Утратило силу решением Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 08.10.2020 № 58/522(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Мунайлинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить:

      1) Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" (далее – аппарат районного маслихата) согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) описание служебного удостоверения аппарата районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Руководителю аппарата Мунайлинского районного маслихата (А.Жанбуршина) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г.Конысбаева
      Секретарь районного маслихата Б. Назар

  Приложение 1
  к решению Мунайлинского
  районного маслихата
  от 24 февраля 2017 года №7/122

Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата".

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – Служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      4. Служебное удостоверение выдается с подписью секретаря районного маслихата административным государственным служащим корпуса "Б".

      5. Служебные удостоверения выдаются сотрудникам в случае назначения на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порчи ранее выданного удостоверения.

      За полученное служебное удостоверение сотрудники расписываются в журнале учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих аппарата районного маслихата (далее – Журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      6. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе кадровой службы аппарата районного маслихата.

      7. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения.

      При замене служебного удостоверения ранее выданное служебное удостоверение подлежит возврату в кадровую службу аппарата районного маслихата, за исключением случаев утери.

      8. Ежегодно, по состоянию на 1 января, кадровой службой аппарата районного маслихата проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.

      9. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель аппарата районного маслихата.

      10. В случае утраты или порчи служебного удостоверения его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме кадровую службу аппарата районного маслихата, подает объявление в средства массовой информации.

      11. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению кадровая служба аппарата районного маслихата в течение десяти рабочих дней со дня издания распоряжения о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия рассматривает вопрос о привлечении виновных лиц к дисциплинарной ответственности.

      12. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информирует кадровая служба аппарата районного маслихата. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается кадровой службой аппарата районного маслихата после проведения служебного расследования.

      13. При увольнении сотрудник сдает служебное удостоверение в кадровую службу аппарата районного маслихата.

      На обходном листе при сдаче удостоверения ставится роспись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.

      14. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение
  к Правилам выдачи служебного
  удостоверения государственного
  учреждения "Аппарат
  Мунайлинского районного
  маслихата"
  Форма

Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата"


Номер служебного удостоверения

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, перехода на должность, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание










      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью руководителя аппарата и печатью государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата".

  Приложение 2
  к решению Мунайлинского
  районного маслихата
  от 24 февраля 2017 года №7/122

Описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата"

      1. Обложка служебного удостоверения изготавливается из экокожи или из кожзаменителя высокого качества бордового цвета. Размер удостоверения в развернутом виде – 19х6,5 сантиметров.

      2. На лицевой стороне удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографическим шрифтом выполнена надпись "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты".

      3. На внутренней стороне удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи "Қазақстан Республикасы", "Республика Казахстан"; под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой, надписи "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты", "Аппарат Мунайлинского районного маслихата".

      4. На левой стороне: фотография размером 3х4 сантиметров, рядом указывается номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность. Текст печатается на государственном языке, заверяется подписью секретаря районного маслихата и гербовой печатью.

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "Қазақстан", рядом указывается номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность. Текст печатается на русском языке. Ниже указывается дата выдачи удостоверения.

"Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 7/122 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 3316 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қазандағы № 58/522 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 08.10.2020 № 58/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудандық мәслихат аппараты) қызметтік куәлігін беру Қағидалары;

      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес аудандық мәслихат аппаратының қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Мұнайлы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г.Қонысбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2017 жылғы 24 ақпандағы
  №7/122 шешіміне
  1 қосымша

"Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне – аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      5. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – Есепке алу журналы).

      6. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметінің сейфінде сақталады.

      7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік, жоғалту жағдайын қоспағанда, аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметіне қайтарып берілуі тиіс.

      8. Аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      9. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібіне жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

      10. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      11. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметі қызметтік тексеру туралы өкім шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тәртіптік комиссия кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      12. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметі хабардар етеді. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметі береді.

      13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметіне тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  "Мұнайлы аудандық мәслихатының
  аппараты" мемлекеттік мекемесінің
  қызметтік куәлігін беру
  қағидаларына қосымша
  нысан

"Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, аты, жөні (бар болған жағдай
да)

Атқаратын лауазымы

Беріл
ген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе

      Ескертпе: "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысының қолымен және мөрімен расталады.

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2017 жылғы 24 ақпандағы
  №7/122 шешіміне
  2 қосымша

"Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәліктің мұқабасы күрең қызыл түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалады. Куәліктің ашып көрсетілген түріндегі көлемі – 19х6,5 сантиметр.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен баспаханалық қаріппен "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" деген жазу жазылған.

      3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып, көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "Қазақстан Республикасы", "Республика Казахстан" деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты", "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" деген жазулар орналастырылған.

      4. Сол жағында: көлемі 3х4 сантиметр фотосурет, жанында қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады, аудандық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

      5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көкшіл "Қазақстан" деген жазу, жанында қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады. Одан төмен куәліктің берілген күні көрсетіледі.