Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Щербактинского района

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 20 октября 2017 года № 90/27. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 02 ноября 2017 года № 5669.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пунктом 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой Щербактинского района.

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Щербактинского районного маслихата по вопросам законности и социальной политики.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Лямцев
      Секретарь районного маслихата С. Шпехт

  Утверждено
решением Щербактинского
районного маслихата
от 20 октября 2017 года № 90/27

Положение
о награждении Почетной грамотой Щербактинского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение разработано в соответствии Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой района и ее вручения.

      2. Почетной грамотой Щербактинского района награждаются граждане, трудовые коллективы и организации в знак признания заслуг перед Щербактинским районом, за значительные достижения и личный вклад в развитие экономики, социальной сферы, науки, культуры, образования, укрепление межнационального согласия и взаимопонимания, в воинской, а также иной государственной службе и общественной деятельности региона.

      3. Представления к награждению Почетной грамотой вносят в Щербактинский районный маслихат депутаты Щербактинского районного маслихата, аким Щербактинского района, руководители исполнительных органов, финансируемых из бюджета района, территориальные подразделения центральных государственных органов, действующих на территории Щербактинского района, акимы сельских округов района, коллегиальные органы общественных и религиозных объединений Щербактинского района.

      4. В наградном листе установленного образца излагаются данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы в отрасли и в данном коллективе, его конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы.

      Наградной лист подписывается руководителем предприятия, организации, учреждения, государственного органа.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 17.11.2023 № 38/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Описание Почетной грамоты Щербактинского района

      5. Форма Почетной грамоты Щербактинского района:

      на казахском языке: Шарбақты ауданының Құрмет грамотасы;

      на русском языке: Почетная грамота Щербактинского района.

      Почетная грамота состоит из папки голубого цвета с вкладышем с изображением герба Республики Казахстан на лицевой стороне и надписью на казахском языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      Вкладыш изготавливается типографским способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги. На лицевой стороне вкладыша в верхней части нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи на казахском языке в верхней части "Шарбакты ауданы" и внизу на русском языке "Щербактинский район".

      На развороте с левой и правой сторон вкладыша нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи с левой стороны на казахском языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и с правой стороны на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      С левой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на государственном языке.

      С правой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на русском языке.

Глава 3. Порядок вручения Почетной
грамоты Щербактинского района

      6. Решение о награждении Почетной грамотой Щербактинского района принимается на сессии Щербактинского районного маслихата.

      Почетная Грамота подписывается председателем районного маслихата и акимом Щербактинского района.

      Перед вручением Почетной грамоты оглашается решение о награждении.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 17.11.2023 № 38/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Вручение Почетной грамоты производится лично награждаемому в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким и (или) председатель районного маслихата либо лицо по их поручению.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 17.11.2023 № 38/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению Почетной грамотой Щербактинского района направляются в постоянную комиссию по вопросам законности и социальной политики, созданную при маслихате Щербактинского района.

      9. Материалы по награждению хранятся в маслихате Щербактинского района.

Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы № 90/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 02 қарашада № 5669 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Лямцев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2017 жылғы 20
қазандағы № 90/27 шешімімен
Бекітілген

Шарбақты ауданының Құрмет
грамотасымен наградтау туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және ауданның Құрмет грамотасымен нагдартауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

      3. Аудандық мәслихатына Құрмет Грамотасымен наградтауға ұсынымды аудандық мәслихатының депутаттары, ауданының әкімі, ауданының аудандық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданының ауыл округтері әкімдері, ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

      4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 38/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      5. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасының формасы:

      қазақ тілінде: Шарбақты ауданының Құрмет грамотасы;

      орыс тілінде: Почетная грамота Щербактинского района.

      Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

      Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Шарбақты ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Щербактинский район" жазулары бейнеленген.

      Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.

      Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін орын белгіленген.

      Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін орын белгіленген.

3-тарау. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      6. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы шешім Шарбақты аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және Шарбақты ауданының әкімі қол қояды.

      Құрмет грамотасын тапсыру алдында наградтау туралы шешім жарияланады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 38/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде наградталушыға жеке табыс етіледі. Құрмет грамотасын әкім және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсыры бойынша тұлға табыс етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 38/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Шарбақты аудандық мәслихатының жанында құрылған заңнамалық сұрақтары және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

      9. Наградтау бойынша материалдар Шарбақты аудандық мәслихатында сақталады.