Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы "Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы" № 90/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 38/13 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қарашада № 7416-14 болып тіркелді

      Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы "Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы" № 90/27 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5669 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген Шарбақты аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.";

      6, 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы шешім Шарбақты аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және Шарбақты ауданының әкімі қол қояды.

      Құрмет грамотасын тапсыру алдында наградтау туралы шешім жарияланады.

      7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде наградталушыға жеке табыс етіледі. Құрмет грамотасын әкім және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсыры бойынша тұлға табыс етеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданндық маслихат төрағасы Г. Смаилханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады