О внесении изменений и дополнений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 20 июня 2016 года № 3/7 "Об установлении Правил общего водопользования Северо-Казахстанской области"

Решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 28 марта 2017 года № 13/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 26 апреля 2017 года № 4162

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года № 480 "О правовых актах", подпунктом 1) статьи 38 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года Северо-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 20 июня 2016 года № 3/7 "Об установлении Правил общего водопользования Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре нормативных правовых актов № 3831, опубликовано 27 июля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:
      в Правила общего водопользования в Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением, внести следующие изменения:
       пункт 15 изложить в следующей редакции:
      "15. Местный исполнительный орган области осуществляет информирование населения о состоянии водных объектов, систем водоснабжения и водоотведения, находящихся на соответствующей территории.";
       пункт 19 изложить в следующей редакции:
      "19. Объявленные условия или запреты общего водопользования не должны ограничивать осуществления общего водопользования для удовлетворения хозяйственно-питьевых целей.";
      дополнить следующими пунктами:
       пунктом 12-1 следующего содержания:
      "12-1. Северо-Казахстанский областной маслихат в ходе очередной или внеочередной сессии маслихата в целях охраны жизни и здоровья граждан, с учетом особенностей региональных условий, правилами общего водопользования определяют места, где не осуществляются купание, забор воды для питьевых и бытовых нужд, водопой скота, катание на маломерных судах и других плавучих средствах на водных объектах, расположенных на территории соответствующего региона.";
       пунктом 17-1 следующего содержания:
      "17-1. Северо-Казахстанский областной маслихат в ходе очередной или внеочередной сессии маслихата принимает соответствующее решение по установлению условий или запрета общего водопользования и направляют его водопользователю в течение трех рабочих дней.";
       пунктом 19-1 следующего содержания:
      "19-1. После получения положительного решения от Северо-Казахстанского областного маслихата водопользователь через средства массовой информации, а также посредством специальных информационных знаков обеспечивает оповещение населения о недопущении купания и других условиях осуществления общего водопользования.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.
      Председатель XIIІ сессии
Северо-Казахстанского
областного маслихата
Ю. Белоног
      Секретарь
Северо-Казахстанского
областного маслихата
В. Бубенко

"Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 13/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 4162 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 26-бабына, 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 3831 болып тіркелді, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
       15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Облыстың жергілікті атқарушы органы тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.";
       19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.";
      мынадай тармақтармен толықтырылсын:
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен:
      "12-1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.";
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен:
      "17-1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.";
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен:
      "19-1. Су пайдаланушы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ХІІІ сессиясының төрағасы
Ю. Белоног
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
В. Бубенко