Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жамбылского района Северо-Казахстанской области

Решение Жамбылского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 20 ноября 2017 года № 16/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 5 декабря 2017 года № 4394. Утратил силу решением маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 24 ноября 2021 года № 9/2

      Сноска. Утратил силу решением маслихата Жамбылского района Северо Казахстанской области от 24.11.2021 № 9/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат Жамбылского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жамбылского района Северо-Казахстанской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      XVІ внеочередной сессии
      маслихата Жамбылского района Р.Садыков
      Секретарь маслихата
      Жамбылского района Б.Мусабаев

  Утверждены
  решением маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 20 ноября 2017 года № 16/2

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Жамбылского района Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жамбылского района Северо-Казахстанской области (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется местным исполнительным органом Жамбылского района Северо-Казахстанской области (далее – местный исполнительный орган).

      4. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных структурных подразделений (далее - Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется коммунальное государственное учреждение "Отдел архитектуры, строительства, жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области", уполномоченное на осуществление функций в сфере жилищно-коммунального хозяйства и финансируемое из местного бюджета.

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям".

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 16/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 4394 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 9/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 24.11.2021 № 9/2 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1- бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы
      мәслихатының кезектен тыс
      XVI сессиясының төрағасы Р.Садыков
      Жамбыл ауданы
      мәслихатының хатшысы Б.Мұсабаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 16/2 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқару Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы органмен мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде тұрғын коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және жергілікті бюджеттен қаржыланатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.