Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Казыгуртского районного маслихата" и его описания

Решение Казыгуртского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 26 сентября 2017 года № 19/116-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 16 октября 2017 года № 4233. Утратило силу решением Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 18 октября 2023 года № 6/41-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 18.10.2023 № 6/41-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Казыгуртский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Казыгуртского районного маслихата" согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Казыгуртского районного маслихата" согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата районного маслихата Б.А. Омарова.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата А. Тасай
      Секретарь районного
      маслихата У. Копеев

  Приложение 1 к решению
Казыгуртского районного
маслихата от 26 сентября
2017 года № 19/116-VІ

Правила выдачи служебного удостоверения
государственного учреждения "Аппарат Казыгуртского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Казыгуртского районного маслихата" (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Казыгуртского районного маслихата".

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – Служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Служебное удостоверение должно соответствовать описанию, утвержденному настоящим решением.

      4. Удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      5. Служебное удостоверение выдается государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Казыгуртского районного маслихата" за подписью секретаря Казыгуртского районного маслихата.

      6. Служебные удостоверения выдаются сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порчи ранее выданного удостоверения.

      За полученное служебное удостоверение сотрудники расписываются в журнале учета выдачи служебного удостоверения (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      7. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе ответственного специалиста за службу управления персоналом.

      8. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения.

      При замене служебного удостоверения, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается ответственным специалистом за службу управления персоналом.

      9. Ежегодно, по состоянию на 1 января, ответственным специалистом за службу управления персоналом проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.

      10. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет ответственный специалист за службу управления персоналом.

      11. В случае утраты или порчи служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме ответственного специалиста за службу управления персоналом, подает объявление в средства массовой информации.

      12. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению, ответственный специалист за службу управления персоналом в течение десяти рабочих дней со дня издания распоряжения о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной ответственности.

      13. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информируется ответственный специалист за службу управления персоналом. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается ответственным специалистом за службу управления персоналом после проведения служебного расследования.

      14. При увольнении работник сдает служебное удостоверение ответственному специалисту за службу управления персоналом.

      На обходном листе при сдаче удостоверения ставится роспись ответственного специалиста за службу управления персоналом.

      15. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение к
Правилам выдачи
служебного удостоверения
государственного
учреждения "Аппарат
Казыгуртского районного
маслихата"

      Форма

Журнал учета выдачи служебного удостоверения

Номер служебного удостоверения

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание











      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью ответственного специалиста за службу управления персоналом и печатью государственного учреждения.

  Приложение 2 к решению
Казыгуртского районного
маслихата от 26 сентября
2017 года № 19/116-VІ

Описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Казыгуртского районного маслихата"

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожезаменителя высокого качества синего (бирюзового) цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне служебного удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ".

      3. На внутренней стороне служебного удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи наименование соответствующего государственного органа (на казахском и русском языках), под ними, отделяющиеся от текста синей отбивочной полосой, надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ".

      4. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 2,5 х 3,5 см, текст на казахском языке, заверенный подписью руководителя государственного органа и гербовой печатью.

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан на голубом фоне размером 3 х 4 см, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН" и текст на русском языке. Ниже указывается срок действия удостоверения (выдается сроком на два года).

"Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/116-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 16 қазанда № 4233 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 6/41-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 18.10.2023 № 6/41-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары;

      2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.А.Омаровқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Тасай
      Аудандық мәслихат
      хатшысы У.Копеев

  Қазығұрт аудандық мәслихатының
2017 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 19/116 шешіміне 1-қосымша

"Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес болуы тиіс.

      4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазығұрт аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша келісілген нысаны бойынша қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      7. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы персоналды басқару қызметіне жауапты маманның сейфінде сақталады.

      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметіне жауапты маман қайтарып алады.

      9. Персоналды басқару қызметіне жауапты маман жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      10. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметіне жауапты маман жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу персоналды басқару қызметіне жауапты маманға жазбаша (ерікті) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару қызметіне жауапты маман қызметтік тергеп-тексеру туралы өкімнің шығуынан кейін, он жұмыс күні ішінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тәртіптік комиссия кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы персоналды басқару қызметіне жауапты маман хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін персоналды басқару қызметіне жауапты маман береді.

      14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметіне жауапты маманға тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына персоналды басқару қызметіне жауапты маманның қолы қойылады.

      15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  "Қазығұрт аудандық мәслихат
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру
қағидаларына қосымша
  Нысан

Қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні
(бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе











      Ескертпе: Қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және персоналды басқару қызметіне жауапты маманның қолымен және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.

  Қазығұрт аудандық мәслихатының
2017 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 19/116 шешіміне 2-қосымша

"Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк (көгілдір) түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

      2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында сары түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) тиісті мемлекеттік органның атауы, одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған.

      4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), мемлекеттік орган басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

      5. Оң жағында: көгілдір түсті көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.