Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/116-VІ "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4233 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы | Т. Калымбетов |