О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 18 июля 2014 года № 21/185-V "Об утверждении правил оказания cоциальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 14 марта 2017 года № 10/81-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 13 апреля 2017 года № 4948. Утратило силу решением Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 10 июля 2018 года № 23/207-VI

      Сноска. Утратило силу - решением Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 10.07.2018 № 23/207-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Жарминский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жарминского районного маслихата от 18 июля 2014 года № 21/185-V "Об утверждении правил оказания cоциальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3447, опубликовано в газете "Қалба тынысы" № 65 (8738) от 21 августа 2014 года) следующие изменения:

      В разделе 2 пункт 11 в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан изложить в следующей редакции:

      "11. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется следующим категориям граждан:

      1) День вывода войск с территории Афганистана, день памяти воинов-интернационалистов – 15 февраля – участникам боевых действий на территории других государств – 70000 (семьдесят тысяч) тенге;

      2) Международный женский день – 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа", "Күміс алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени, или ранее получившим звание "Мать-героиня" – 10000 (десять тысяч) тенге;

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей – 10000 (десять тысяч) тенге;

      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 70000 (семьдесят тысяч) тенге;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия – 34000 (тридцать четыре тысячи) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах – 10000 (десять тысяч) тенге;

      4) День Победы – 9 мая:

      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 100000 (сто тысяч) тенге;

      супругам военнослужащих, погибших во время Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак – 70000 (семьдесят тысяч) тенге.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Узбеханов
      Секретарь маслихата А. Сахметжанова

Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/185-V "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 10/81-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 4948 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 10.07.2018 № 23/207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/185-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3447 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 65 (8738) санында жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2 бөліміндегі 11 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 70000 (жетпіс мың) теңгеден;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға – 10000 (он мың) теңгеден;

      төрт және де одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға – 10000 (он мың) теңгеден;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 70000 (жетпіс мың) теңгеден;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 34000 (отыз төрт мың) теңгеден;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға – 10000 (он мың) теңгеден;

      4) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 100000 (жүз мың) теңгеден;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 70000 (жетпіс мың) теңгеден.".

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Сессия төрағасы А. Өзбеханов
      Жарма аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова