О переименовании некоторых улиц села Первомай Кабыршактинского сельского округа Акжаикского района

Решение акима Кабыршактинского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 16 ноября 2017 года № 10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 23 ноября 2017 года № 4964

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения села Первомай и на основании заключения Западно-Казахстанской областной ономастической комиссии, аким Кабыршактинского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать некоторые улицы села Первомай Кабыршактинского сельского округа Акжаикского района:

      улица "Ю.Гагарин" – улица "Қазақстан-2050";

      улица "В.И.Чапаев" – улица "Келешек";

      улица "Киров" – улица "Ынтымақ";

      улица "1 ферма" – улица "Азаттық"

      2. Ведущиму специалисту аппарата акима Кабыршактинского сельского округа (Кабжанова Н.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Кабыршактинского
сельского округа
С.Бимаганбетов

Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 4964 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Первомай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қабыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Ю.Гагарин" көшесі – "Қазақстан-2050";

      "В.И.Чапаев" көшесі – "Келешек" көшесі;

      "Киров" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;

      "1 ферма" көшесі – "Азаттық" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Н.Кабжанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қабыршақты ауылдық
округінің әкімі
С.Бимаганбетов